• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Университетке қалай түсуге болады?

Сіз білесіз бе, статистика деректеріне сәйкес 2015-2016 жылдары Алматыда 42 жоғары оқу орны жұмыс жасады, бұл - Қазақстандағы жоғары оқу орындарының жалпы санының үштен бірін құрайды. 14 қазақстандық жоғары оқу орны, соның ішінде Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2015/16 Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің 50 үздік QS-университеттері рейтингіне кірді. Егер сіз жоғары білім алу туралы шешім қабылдасаңыз, университетке түсу рәсімі туралы егжей-тегжейлі білуіңіз қажет.

1

Egov.kz порталы арқылы қабылдауға өтініш беру

Egov.kz порталы арқылы қабылдауға өтініш беру үшін келесілер қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
  2. авторландырылу және өтініш беру;
  3. жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтінішке келесідей құжаттардың скан-көшірмелерін қоса тіркеу:
  • жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастапқы және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білім туралы құжат;
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
  • 3х4 см өлшемдегі сандық фотосурет.

Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің аралық нәтижесі: ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы жоғары оқу орнына қабылдауға арналған құжаттарды қабылдау туралы хабарламаны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты алу.

Сіз жоғары оқу орнына қабылдауға арналған құжаттарды қабылдау туралы хабарлама алғаннан кейін, 10 тамыздан 25 тамызға дейін жоғары оқу орнына құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуыңыз қажет:

  1. ұйым басшысының атына қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастапқы және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
  4. 3x4 см өлшемдегі 6 фотосурет;
  5. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы  № 907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
  6. ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаты, сондай-ақ білім грантын тағайындау туралы куәлік (бар болған жағдайда).

Құжаттарды қабылдаған  адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі және күні көрсетілген қолхаттың берілуі – құжаттарды қабылдаудың растамасы болып табылады.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: құжаттарды қабылдау туралы қолхат және жоғары оқу орнына оқуға қабылдау туралы бұйрық.

2

Жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш беру

Ол үшін сізге келесідей құжаттарды ұсыну қажет:

  1. ұйым басшысының атына қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат;
  3. жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастапқы және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) орта білім, бастапқы кәсіптік,  орта кәсіптік немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
  4. 3х4 см өлшемдегі 6 фотосурет;
  5. 086-У нысанындағы медициналық анықтама (тіркелген жеріндегі емханада немесе басқа медициналық ұйымда берілген);
  6. ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаты;
  7. білім грантын тағайындау туралы куәлік (бар болған жағдайда).

Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: құжаттарды қабылдау туралы қолхат және жоғары оқу орнына оқуға қабылдау туралы бұйрық.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.