• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Үйде жылу болмаса не істеу керек?

Жылу маусымы басталды, бірақ пәтеріңіз салқын ба?

Қоғамдық қабылдауға жүгініңіз – сізге мәселені шешуге міндетті түрде көмектеседі.

 

1

Open Almaty-ға хабарласыңыз

Бірінші кезекте сіздің үйіңіз жылу жеткізу жүйесіне қосылды ма, жоқ па және учаскеде апат болмады ма біліп алу қажет. 

Open Almaty-ға мына телефондар арқылы қоңырау шалуға болады: 1308; 338-33-88. Туындаған мәселе жайында өтініш қалдыра аласыз.

2

Мәселе үйде ме?

Сіз тұратын үйге қызмет көрсететін ПИК-ке хабарласыңыз (ПИК-тер тізімі мен байланыс телефондарын мына жерден табуға болады). Тұрғын үйлердің барлығы жылу маусымына дайын болуы тиіс және сізге мәселенің мән-жайын түсіндіріп беруі керек.

Егер мәселе үйге дейін жылу жеткізуде болмаса, ПИК-те жазбаша түрде өтініш қалдырыңыз. Жылудың болмау себептері және нақты қандай ақауды қалпына келтіру қажеттігі көрсетілген акт жасалуы тиіс.

Жылу жүйелеріне қызмет көрсету ПИК міндетіне кіреді, сондықтан жүйені тексеру, жалпы және қажеттілік туындаған жағдайда кішігірім жөндеу жүргізумен ПИК-тер айналысады. Қажетті шаралардың барлығы атқарылғаннан кейін жылу келеді.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.