• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ыстық су мен жылу түбіртектері – не үшін төлейміз?

Әр ай сайын, шоттарды төлеу қажеттілігімен кездескен кезде, адамдардың көбісінде есептеу бойынша сұрақтары туындайды. Түбіртекте неліктен әр ай сайын «қайта есептеу» немесе «қарыз» жазылады, «есептелген» бағанындағы мәліметтер қайдан алынады - есептеу мәселесін қарастырайық.

1

Қайта есептеудің пайда болу себептері

Түбіртектегі «қайта есептеудің» пайда болу себептері, көбінесе екі жағдайда: жеке есеп құралының көрсеткіштері болмаған жағдайларда, жеке есеп құралының тексеру мерзімі өткен кезде болады.

Жылу жүйесі тұтынушының жеке есеп құралынан көрсеткіштерді ала алмаған жағдайларда (үйде ешкім жоқ, контроллерге есік ашылмаған және тағы басқа жағдайларға байланысты), тұтынушы өздігінен тұтынылған жылу энергиясы (ыстық cу көлемі) көрсеткіштерін бермеген жағдайларда өтіп кеткен мерзімді тәуліктік шығын бойынша есептейді.

Ұйыммен соңғы және соңғының алдындағы рет тексерілген көрсеткіштердің орташа тәуліктік шығыны есептелінеді.

Осылайша, толем уақытында ыстық су есебі бойынша жеке есеп құралының нақты көрсеткіштерінің болмауына байланысты, «қарыз/артық төлеу» кестесінде артық толеу немесе қарыз деп көрсетіледі.

Белгілі бір уақыт өткен соң тұтынушы жеке есеп құралынан көрсеткіштерді берген жағдайда, ұйым көрсеткіштер бойынша қайта есептеулер жүргізеді. Осылыйша, нақты көрсеткіштер енгізілгеннен кейін келесі түбіртектегі «қайта есептеу» кескінінде белгіленген ыстық сумен қамтамасыз ету бойынша жеке есеп құралымен «ыстық су» қызметі бойынша қайта есептеу жүргізіледі.

Жеке шот мысалын қарастырайық. 15.06.2017 жылдағы көрсеткіштер жалпы 357,00 м3, оның төленгендері 347,30 м3, айырмашылық 9,699*445,89 тг/м3=4325,70 теңгені құрайды.

БІЛУ МАҢЫЗДЫ!

Егер сізде жеке есеп құралдары болмаған жағдайларда, пәтерлердегі есептегіштер мен жалпыүйлік құрал арасындағы барлық айырмашылық сіздің мойныңызда қалады. Яғни, жалпыүйлік құрал көрсеткіші мен пәтерлердегі барлық есептегіштер көрсеткіштерінің соммасы (тек жеке есеп құралдары орнатылған пәтерлер) арасындағы барлық айырмашылық, жеке есептегіштер жоқ пәтерлердің мойнында қалады. Төлемді ай сайын төлеу керек.

Жағдайды тек ЖЕҚ-ның орнатылуы ғана түзете алады.

АҚ «Алсеко» шоттарындағы түбіртектерде «төленді» кескініне назар аудару қажет, себебі осы кескінде кубтық метрларға аударылған ыстық су үшін барлық төлемдер беріледі.

2

Есептегіштер көрсеткіштерін қай жерге тапсыру қажет?

Қорытындылай келе, жылумен қамтамасыз етудегі түсінбестіктер пайда болмау үшін контроллерге мәліметтерді беру қажет, немесе жеке есеп құралымен мәліметтерді келесі жолдармен тапсыру қажет:

  1. жеке шот пен келісім нөмірінің көрсетілуімен +7 (701) 098-45-05 нөміріне SMS-хабарламалары мен WhatsApp бағдарламасы арқылы жіберу; «Ыстық су есептегіш көрсеткішетрін қабылдау» сілтемесі арқылы www.alts.kz сайтындағы арнайы үлгіні толтыру;
  2. есептегіштің фотосуреті (3 Мб-тан аспайтын) тіркелген хабарлама жіберу мен жеке шот нөмірінің көрсутілін e-mail: pokazania@alts.kz; арқылы жіберу;
  3. тұрмыстық қызмет үшін төлем кезіндегі түбіртекте «Ыстық су. Абонент» жолдарын толтыру. Егер «ЫСҚЕ бойынша ЖЕҚ» саны бірден артық болса, «соңғы» бағанасында барлық «ЫСҚЕ бойынша ЖЕҚ» соммасының көрсеткішетрін белгілеу қажет; 
  4. «жеке кабинет» www.alts.kz сайтында;
  5. телефон: +7 (727) 341-07-77

Заңды тұлғаларға:

Көрсеткішетрді 20 мен 29 аралығында Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 221 үй немесе e-mail: ur@alts.kz. жіберуге болады.

«ЫСҚЕ бойынша ЖЕҚ» тексерісі үшін өтінімді рәсімдеу телефоны: 341-07-77, ішкі 2155, 2130.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.