• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ыстық және суық су есептеуіш құралдарын орнату

Есепке алу немесе есептеуіш құралдар - бұл су шығынын өлшеу, ақпаратты жинақтау, сақтау және көрсету құралдары.
Ыстық және суық су беру коммуналдық кәсіпорынмен жасалған келісімшарт негізінде жүргізіледі. Жабдықтаудың басты талаптары шартта белгіленген, сондықтан жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін шарттың мазмұнымен мұқият танысыңыз.
Заң талаптарына сәйкес, қызмет тұтынушысы реттелетін коммуналдық қызметтерді есепке алу құралдарына ие болуы міндетті.

1

Есептеуішті кім орнатып, ол үшін кім төлеуі тиіс?

Су есептеуіш құралдарын орнатумен айналысу құқығына тек лицензияланған ұйымдар ие. Жеке есепке алу құрылғысын (ЖЕҚ) қабылдау қызмет жеткізушінің өкілдері пломбалаған сәттен басталады. Суға жеке есептеуіш құрылғысын орнату, ауыстыру тұтынушы есебінен жүргізіледі.

2

Қандай ұйымдар жеке есептеуіш құралдарын орнатады (ЖЕҚ)?

Қандай ұйымдар жеке есептеуіш құралдарын орнатады (ЖЕҚ)?

Жаңа есепке алу құрылғысын орнату, шешіп алу (алып тастау), қолда бар есептеуішті қайта орнату және тексеру бойынша жұмыстар лицензияланған қызмет түріне жатады, сондықтан осы қызметті іске асыруға лицензиясы бар, шешіп алу, монтаждау актілері сияқты тиісті құжаттарды толтырып, осы құжаттардың көшірмесін тұтынушыға беретін кәсіпорын немесе фирма өкілдерімен орындалады. Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының «Алматы су» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – «Алматы су» МКК) 01.01.2014 жылдан бастап суық суға жеке есептеуіш құрылғыларын орнатуды және ауыстыруды жүргізеді. ЖЕҚ орнату және/немесе ауыстыру үшін ЖЕҚ орнату бойынша келісімшарт жасау және қызмет ақысын төлеу қажет.

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті 04.09.2013 ж. келесі жұмыс түрлеріне баға белгіледі:

ЖЕҚ алғашқы орнату ҚҚС-мен – 10 000 теңге;

қолданыстағы ЖЕҚ ауыстыру ҚҚС-мен – 5 500 теңге.

Толық ақпарат алу үшін келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: +7 /727/ 3 777 444 және +7 /727/ 227 60 84 немесе келесі мекен-жай бойынша жолығуға болады: Жароков к-сі 196, №109 кабинет.

3

ЖЕҚ орнату кезінде қандай жағдайларға назар аудару қажет?

Есепке алу құрылғысы ЖЕҚ нұсқаулығына сәйкес орнатылуы тиіс. Құрылғының бүтіндігін (пломбасын) тексеру, есептеуіштің нөмірін ЖЕҚ паспортымен салыстыру қажет. Бақылау аралық интервал есебі орнатылған күннен емес, өндіруші зауыттан шығарылған және/немесе бақылау сәтінен бастап жүргізіледі.
Лицензияланған ұйымнан берілген ЖЕҚ паспорты және ЖЕҚ орнату (монтаждау) актісі ЖЕҚ орнатуды растайтын құжаттар болып табылады.

4

Пломбаны қалай орнату қажет?

Жөндеу жұмыстары кезінде пломбалауды тек қана «Алматы су» МКК өкілдері жүргізеді. Пломба ауыстыруды осы қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар кәсіпорын немесе фирма жүргізе алады.

Пломба орнату мерзімі: жеке тұлғаларға (пәтер, жеке үй) – 15 күн ішінде.

Суық суды есепке алу құрылғыларын пломбалауды жеткізушінінің уәкілетті өкілдері ТЕГІН жүргізеді!

5

Апатты жағдайда пломбаны алып тастауға бола ма?

Тұтынушыға пломбаны өз бетінше алып тастауға үзілді-кесілді тыйым салынады. Пломбаны бұзғаны үшін суық немесе ыстық судың құны ЖЕҚ көрсеткіштерін соңғы тексеру мен жазып алу күнінен бастап құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша пломбалау сәтіне есептелетін болады. Үлкен шығындарды болдырмау үшін пломбаны алып тастауға өтінім беріп, «Алматы су» МКК-ның өкілін күту қажет.

Тек апатты жағдайларда ғана ПИК өкілі тек жеке тұлғалардан соңғы көрсеткіштерін жазып алып, есепке алу құрылғысын тоқтату актісін жасау арқылы ЖЕҚ пломбасын алып тастай алады.

6

ЖЕҚ тексеру

Тексеру тәртібі мен мерзімділігі стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен белгіленеді және есептеуіштің түріне байланысты болады. Есепке алу құрылғысын тексеру оның техникалық паспорты бойынша анықталатын бақылау аралық интервал аяқталғаннан кейін іске асырылады. Техникалық паспортта соңғы тексеру мерзімі көрсетіледі, содан бастап осы үлгідегі құрылғының бақылау аралық интервал есебі жүргізіледі. ЖЕҚ тексеру тұтынушының қаражаты есебінен жүргізіледі. Суды есепке алу құрылғыларын мемлекеттік тексеруді уәкілетті органның аккредитациясына ие ұйымдар жүргізеді. Қазіргі уақытта Алматы қаласында мұндай бірнеше ұйым бар. Осы қызмет түріне аккредитациясы бар ұйымның тиісті қондырғысы болса, ЖЕҚ-сын шешіп алмай-ақ тексерістен өткізуге болады.

7

Егер менде ЖЕҚ куәлігі жоқ болса, суық су есептеуіштерін қашан ауыстыру керектігін қалай білуге болады?

«Алсеко» АҚ-ның шот түбіртектерінде ЖЕҚ тексеру жүргізу қажеттігі жөнінде мынадай мазмұндағы ақпарат беріледі: «Назар аударыңыз, сізге суық судың ЖЕҚ тексеру жүргізу қажет, олай болмаған жағдайда есептеу тұратын адамдар санын ескере отырып жүргізіледі». Немесе +7 /727/ 3 777 444 телефоны арқылы толық ақпарат ұсынатын операторларға қоңырау шалыңыз.

8

ЖЕҚ көрсеткіштерін өз бетінше қалай беруге болады?

  1. Кәсіпорынның бірыңғай ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны бойынша +7 /727/ 3 -777- 444.
  2. Тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарында.
  3. «Алсеко» АҚ түбіртектерінің сыртқы жағында орналастырылған кестені толтыру арқылы.
  4. http://www.alseco.kz/ сайтында жеке кабинет арқылы.
  5. Смартфонға тиісті бағдарламаны орнатып, «Алсеко» АҚ жеке кабинет арқылы.
0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.