• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жедел жәрдем шақыру

Жедел медициналық жәрдем болып денсаулыққа келтірілетін елеулі зиянның және (немесе) өмірге төнген қауіптің алдын алу үшін, сонымен қатар мүшелерді әрі қарай трансплантациялау үшін тасымалдау қажеттігі кезінде шұғыл медициналық жәрдем көрсету нысаны табылады. Сізге келесі жағдайларда жедел жәрдемге жүгіну қажет:

  1. егер кідіріссіз медициналық көмек қажет болса;
  2. егер ересектер мен балаларға тәуліктік шұғыл медициналық көмек көрсететін Жедел медициналық көмек ұйымына тез арада жүгіну қажет болған жағдайда; 
  3. өмірге қауіп төнген жағдайда, жазатайым оқиғалар, асқынған аурулар кезінде;
  4. жол-көлік оқиғалары кезінде.
1

Жедел медициналық жәрдем шақыру

Сізге 103 нөмірі бойынша қоңырау шалып, диспетчермен байланысу қажет. Диспетчер сіз туралы келесі мәліметтерді жазып алуы тиіс:

  1. емделушінің тегі, аты, әкесінің аты, жасы және жынысы;
  2. емделушінің жағдайы бойынша қысқаша мәлімет және жазатайым оқиға немесе ауру жағдайлары;
  3. емделушінің мекенжайы және телефоны, кіреберіс есіктің коды, сонымен қатар емделуші тұрған орынға жету бойынша бағдарлы мәлімет.
2

Жедел медициналық жәрдем көрсету

Медициналық жәрдем көрсетуді қажетті емдік-диагностикалық жабдықтармен, дәрі-дәрмекпен жабдықталған, медициналық білікті дайын қызметкерлерден жасақталған көшпелі бригадалар жүзеге асырады.

Егер емделушінің жағдайы ауыр болса, ол тексеріп-қарау және ауруханаға жатқызу үшін стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға жеткізілуі тиіс.

Өміріне қауіп төніп тұрған емделушіні тасымалдау кезінде оның туысқанына (бір адамнан көп емес) жедел медициналық жәрдемнің санитарлық автокөлігінде ілесіп жүруге рұқсат етіледі.

3

Шұғыл медициналық жедел жәрдем қажет болмаған жағдайда

Шұғыл медициналық жедел жәрдем қажет болмаған жағдайда жедел медициналық жәрдемді ұйымдастыру ауысымының аға дәрігері медициналық көмекке жүгіну үшін емделушіге медициналық мекеменің координатасын (мекенжайын, телефонын) береді және учаскелік дәрігерге сигналдық парақ ресімдейді.

4

Басқа шұғыл қызметтерді шақыру

Егер жедел медициналық жәрдем шақырудың себептері өрт немесе қылмыс жасау сияқты төтенше жағдай болып табылса, жедел ден қою үшін оқиға орнына басқа да шұғыл қызметтерді–өртке қарсы қызметті және/немесе полицияны шақыру қажет.

Сонымен қатар, өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарын, полицияны, жедел медициналық жәрдемді, апаттан құтқарушы қызметті көрінеу жалған шақыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатынын ұмытпаңыз.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.