• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жоғары оқу орнына/колледжге, кәсіптік лицейге (мектепке) оқуға қайта қабылдау

1

Жоғары оқу орнында оқуға қайта қабылдау рәсімі

Сізге мыналар қажет:

  1. оқытуды жалғастыру қарастырылған жоғары оқу орны басшысының атына қайта қабылдау туралы өтініш беру және академиялық анықтаманы қоса тіркеу;
  2. академиялық анықтама негізінде факультет деканы пәндеріндегі айырмашылықтарды анықтайды және тіркеу бөлімімен келісіе отырып, сіздің жеке оқу жоспарыңызды бекітеді;
  3. орынбасарының, факультет деканының, оқу бөлімі жетекшісінің бұрыштамасына сәйкес, жоғары оқу орнының басшысы сізді оқу орнына қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады.

Білгеніңіз маңызды!

  1. Егер сіз білім беру гранты бойынша оқыған болсаңыз, қайта қабылдаудан кейін автоматты түрде ақылы негізде оқуға өтесіз.
  2. Оқу құнын төлемегені үшін оқудан  шығарылған жағдайда 4 апта ішінде қайта қабылдануға болады.
2

Колледжге, кәсіптік лицейге (мектепке) оқуға қайта қабылдау рәсімі

Оқуға қайта қабылдау шарттары

Сіздің бұрынғы оқу орнына (колледжге, кәсіптік лицейге (мектепке), сондай-ақ жаңа оқу орнына қайта қабылдануға құқығыңыз бар.

  1. Сіз бір семестрді аяқтаған жағдайда техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына  оқуға қайта қабылдана аласыз.
  2. Оқу ақысын төлемегеніңіз үшін семестр ағымында оқудан шығарылған жағдайда Сізге берешекті төрт апта ішінде жабу қажет. Колледжге, кәсіптік лицейге (мектепке) төлемақы бойынша қарызын өтегені туралы құжатты көрсеткеннен кейін, оқуға қайта қабылдау үш жұмыс күні ішінде жүргізілуі тиіс.
  3. Басқа білім беру ұйымдарында қайта қабылдауға келесі жағдайларда рұқсат етіледі:
  • курстар мен мамандықтар бойынша оқытудың сәйкесінше оқу топтары болған кезде;
  • оқуын аяқтамаған тұлғаларға берілетін Анықтамада (немесе білім алушының сынақ кітапшасында) көрсетілген оқу пәндерінің – қабылдаушы білім беру ұйымының жұмыстық оқу жоспарындағы оқу пәндері тізімімен айырмасы төрт оқу пәнінен аспаған жағдайда.
3

Басқа да білім беру ұйымдарына қайта кіру

Басқа білім беру ұйымына оқуға қайта қабылдау барысында қабылдаушы тараптың жазбаша сұрауы  негізінде бұрынғы білім беру ұйымының басшысы Анықтаманың көшірмесін, сынақ кітапшасын және жіберілетін құжаттардың тізбесін өзіне қалдыра отырып,  білім алушының жеке ісін жібереді.

Сізге оқуға қайта қабылдау үшін мыналарды жасау қажет:

  1. оқуды жалғастыру жоспарланған білім беру ұйымы басшысының атына өтініш беру;
  2. анықтаманы немесе оқу пәндерінің тізімімен сынақ кітапшасын қоса тіркеу;
  3. қайта қабылдау туралы өтініш білім беру ұйымымен (колледж, кәсіптік лицей (мектеп) курсты және пәндердің айырмашылығын анықтай отырып, оны  берген күннен бастап екі апта мерзімде қаралады.
0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.