• eng
  • қаз
  • рус

Жоғары оқу орнын/колледжді, кәсіптік лицейді ауыстыру

Сіз білесіз бе, статистика деректеріне сәйкес 2015-2016 жылдары Алматыда 42 жоғары оқу орны жұмыс жасады, бұл – Қазақстандағы жоғары оқу орындарының жалпы санының үштен бірін құрайды. 14 қазақстандық жоғары оқу орны, соның ішінде Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2015/16 Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің  50 үздік QS-университеттері рейтингіне кірді.

1

Қазақстанның басқа жоғары оқу орнына ауыстыру шарттары

Егер cіз Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнының студенті болсаңыз, ауысуға рұқсат етіледі:

  1. курстан-курсқа – жазғы семестрді ескере отырып, жазғы емтихан сессиясының қорытындысы және қол жеткізген  ауысу балы бойынша. Білім грантымен оқитын студент академиялық қарызы болған жағдайда оны ақылы негізде жояды. Құнын жоғары оқу орнында нақтылау қажет;
  2. сол жоғары оқу орнында бір мамандықтан басқасына – тек  ақылы негізде оқи отырып;
  3. бір жоғары оқу орнынан басқасына сол  мамандық бойынша – ақылы негізде  білім алушы, сондай-ақ мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушы ретінде (жоғары оқу орнының өзінен грант алған студенттерге қатысты емес). Ақылы негізде білім алушыны бір жоғары оқу орнынан екіншісіне ауыстыру кезінде, студент пен қабылдаушы жоғары оқу орны арасында шарт жасалады;
  4. білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып, басқа жоғары оқу орнына ауыса алады;
  5. ақылы негізден – мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру.

Ақылы негізде білім алушыны мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқытуға ауыстыру – оқыту үдерісінде босаған білім беру гранттарын беру арқылы жүзеге асырылады.

2

Егер cіз білім беру гранты бойынша оқитын болсаңыз

Егер cіз білім беру гранты бойынша оқитын болсаңыз, мыналар қажет болады:

  1. жоғары оқу орны басшысының атына ауыстыру туралы өтініш беру және  мөрмен бекітілген, аударым туралы жазбаша келісім алғаннан кейін, қызықтырған жоғары оқу орнының жетекшісіне жүгіну;
  2. қабылдаушы жоғары оқу орны басшысының атына  жазылған ауысу туралы өтінішке мыналар қоса тіркелуі тиіс:
  • оқу ісі жөніндегі проректордың және офис-тіркеуші қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипт, академиялық анықтама көшірмесі;
  • білім беру гранты иегерінің куәлігі.

Ұсынылған құжаттардың негізінде факультет деканы (институт директоры) оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылығын анықтайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес  оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерге қайта сынақ жүргізеді және білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді.

Оқытудың күндізгі және кешкі нысанында білім алушылардың  ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініші білім беру ұйымымен қабылданған кезекті академиялық кезең басталғанға дейін бес күн ішінде жазғы және қысқы демалыс кезеңінде білім беру ұйымының басшысымен қаралады.

Оқытудың сырттай нысанында білім алушылардың  ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініші бір ай ішінде, бірақ білім беру ұйымымен қабылданған кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күн бұрын білім беру ұйымының басшысымен қаралады.

3

Егер сіз ақылы негізде оқитын болсаңыз

Заңнамаға сәйкес, білім алушыны курстан курсқа, бір мамандықтан екіншісіне, бір оқыту нысанынан екіншісіне, бір жоғары оқу орнынан екіншісіне ақылы негізде ауыстыру және қайта қабылдау рәсімі жоғары оқу орнымен дербес белгіленеді.

Бұл ретте білім алушының жеке ісінде мыналар болуы тиіс:

  1. ҰБТ немесе КТ тапсыру  туралы сертификат - бакалавриат үшін;
  2. түсу емтихандарын тапсыру туралы сертификат - магистратура үшін.

Оқытудың күндізгі және кешкі нысанында білім алушылардың  ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініші білім беру ұйымымен қабылданған кезекті академиялық кезең басталғанға дейін бес күн ішінде жазғы және қысқы демалыс кезеңінде білім беру ұйымының басшысымен қаралады.

Оқытудың сырттай нысанында білім алушылардың  ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініші бір ай ішінде, бірақ білім беру ұйымымен қабылданған кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күн бұрын білім беру ұйымының басшысымен қаралады.

4

Шетелдік жоғары оқу орнына ауыстыру рәсімі

Қазақстанның жоғары оқу орнынан шетелдік жоғары оқу орнына студентті ауыстыру кезінде мынаны ұсыну қажет:

  1. меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат – академиялық анықтама, транскрипт;
  2. Алматы қаласы «Азаматтарына арналған Үкімет» МК аудандық бөлімшесінде немесе Алматы қ. Академиялық жұмылғыштық және Болон үдерісі орталығында нострификациядан өткен, білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат.  

Есте сақтау қажет!

Шетелдік жоғарғы оқу орнына ауысу барысында оқу құжаттарын  апостильдеу қажеттілігі туындауы мүмкін.

5

Бір колледжден, кәсіптік лицейден(мектептен) ауысу рәсімі

Бір техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемесінен басқасына ауысу кезінде сізге мыналарды білу қажет:

  1. егер сізбен колледжге, кәсіптік лицейге, мектепке түсу кезінде білім беру қызметтерін көрсету туралы жеке шарт  жасалған болса, онда басқа білім беру  ұйымына  немесе бір мамандықтан екіншісіне ауысқан кезде өзгерістер енгізу немесе аталмыш шартты бұзу талап етіледі;
  2. білім алушыны курстан курсқа, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу нысанынан екіншісіне, бір тілдік бөлімнен екіншісіне, бір мамандықтан екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан білім беру тапсырысы бойынша оқытуға ауыстыру төрт оқу пәнінен аспайтын академиялық айырмашылықпен рұқсат етіледі;
  3. егер сіздің ата-анаңыз немесе заңды өкілдеріңіз (қамқоршылар, қорғаншылар, патронаждық тәрбиешілер) басқа тұрғылықты жерге көшкен жағдайда, сіз кәмелетке толмаған  болсаңыз, растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда каникулдық кезең болмаса да ауыстыруға рұқсат етіледі.

Бір колледжден, кәсіптік лицейден (мектептен) басқасына ауысу кезінде сізге мыналар қажет:

  1. оқу орны басшысының атына ауыстыру туралы өтініш беру;
  2. мөрмен бекітілген, ауысуға жазбаша келісім алғаннан кейін сізге өтінішпен және сынақ кітапшасының көшірмесімен (оқу мекемесінің басшысының қолымен расталған) қызықтырған колледж басшысына жүгіну қажет.
0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.