• eng
  • қаз
  • рус

Жол жүру билетін қалай алуға болады?

Алматы қаласында жаяу, авто/таксимен және велосипедпен жүруге болады. Қатынастың аса кеңінен тараған түрі – қоғамдық көлік болып қалуда. Іс жүзінде қаланың кез келген нүктесіне автобуспен, троллейбусбен және метромен жетуге болады. Егер cіз қалада жиі жүретін болсаңыз, онда «Оңай» жүйесінің жол жүру билетін сатып алғаныңыз жөн. Ол төрт түрде ұсынылған: бірыңғай жол жүру билеті, әлеуметтік жол жүру билеті, студенттің және оқушының жол жүру билеті.

1

Бірыңғай көлік картасы дегеніміз не?

«Оңай» бірыңғай көлік картасы дегеніміз – жол жүру билеті болып табылатын пластикалық карточка. Кез келген қоғамдық көлікте көлік есігінің жанында орналасқан терминал панелінен жай ғана өткізе отырып, картаны пайдалануға болады. Көрсеткіш тақта жасыл түспен жанды ма? Сіз жол ақысын төледіңіз!

«Оңай» бірыңғай көлік картасын келесі жерлерде сатып алуға болады:

  1. әуежайда, автобус және темір жол вокзалдарында;
  2. «Караван» «Дауыс», «Бинго» дүңгіршектерінің агенттік желілерінде, «Азбука связи», «Akson-mobile» салондарында;
  3. қоғамдық көлік жүргізушілерінен;
  4. метрополитен кассаларында;
  5. «Оңай» деген символикасы бар фирмалық кеудешелер киген бақылау-тексеру басқармасы қызметкерлерінен.

«Оңай» бірыңғай көлік картасының құны - 400 теңге. Бұл сомаға қоғамдық көлікте бір жол жүрудің құны (80 теңге) және егер сіз сатып алған сәттен бастап жарты жылдың ішінде картаны қайтарып берсеңіз өтелетін көлік картасының (320 теңге) кепіл құны кіреді.

«Оңай» бірыңғай көлік картасын қайда қайтаруға болады?

Мекенжайы: Алматы қ., Рысқұлбеков к-сі 33/1, «Алматы қаласы Көлік холдингі» ЖШС-не жүгіне отырып, немесе «Оңай» деген символикамен белгіленген темір жол вокзалдарындағы арнайы кассаларда көлік картасын қайтаруға және кепіл құнын алуға болады.

2

Оқушыларға арналған

Оқушыға арналған арнайы көлік картасын оқушы өзі оқитын мекемеге (мектеп, гимназия, лицей) жүгіне отырып ала  алады. Карта дербес, яғни атаулы болып табылады. Картаны иемденетін оқушы ғана оны пайдалана алады. «Оңай» мектеп картасы бойынша қоғамдық көліктерде бір рет жол  жүру құны 40 теңгені құрайды. Оқушының көлік картасы мектепте оқудың бүкіл кезеңіне беріледі. Оқушының картасын шығару құны 320 теңге. Жоғалған жағдайда картаны қайта шығару құны да – 320 теңгені құрайды.

Егер оқушы Алматыда тұрмаса және оқымаса?

Алматы қасласында тұрмайтын  балалар да оқушының көлік картасын ала алады.  

Баланың ата-анасы, қорғаншысы немесе кәмелетке толған туысы оның жеке басын куәландыратын құжатпен, баланың туу туралы куәлігімен және 3х4 см фотосымен Рысқұлбеков көшесі, 33/1 мекенжайына жүгінуі тиіс. Осы мекенжайда оның қайта шығару құнын төлеп, жоғалған картаны қалпына келтіруге болады.

3

Студенттерге арналған

Егер сіз Алматы қаласы жоғары оқу орнының күндізгі бөлімінде немесе Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында оқитын болсаңыз ғана сіз студенттік көлік картасын онлайн тәртіптемесінде ала аласыз. Карта дербес, яғни атаулы болып табылады. Картаны иемденетін студент қана оны пайдалана алады. «Оңай» студенттік картасы бойынша қоғамдық көліктерде  бір рет жол  жүрудің құны  40 теңгені құрайды. Студенттің көлік картасы оқу орнында оқыған бүкіл кезеңіне беріледі. Студенттік картаны шығару құны 320 теңге. Жоғалған жағдайда картаны қайта шығару құны да – 320 теңге болады.

4

Жеңілдік берілген адамдарға арналған

Сіз «Оңай» әлеуметтік көлік картасын – қолыңызда жеке басыңызды куәландыратын құжат және жеңілдікті куәландыратын құжат (зейнеткер куәлігі, мүгедектігі тіркелген жері бойынша емханада медициналық-әлеуметтік сараптамамен берілген мүгедектік туралы анықтама және мекенжай анықтамасы) болған жағдайда Алматы қ. Әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту басқармасының аудандық бөлімдерінде ала аласыз. Жеңілдік картасы дербестендірілген және иесінің фотосы мен мәліметтерін қамтиды. Ол бойынша жол жүру құны 40 теңгені құрайды. Картаны шығару құны 320 теңге. Жоғалған жағдайда қайта шығару құны да – 320 теңге болады.

Бір жолғы жол жүру құны:

  1. жасы бойынша зейнеткерлер, көп балалы (18 жасқа дейінгі 4 немесе одан да көп баласы бар) аналар үшін 40 теңгені құрайды;
  2. 75 жастан асқан зейнеткерлер, ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар және 1, 2 топтағы мүгедектер үшін тегін.
5

Картада теңгерімді қалай толтыруға болады?

«Оңай» картасының теңгерімін ұялы байланыстың төлем терминалдары, мобильді қосымшалар арқылы және банктердің интернет-порталдары арқылы толтыруға болады.

Сонымен қатар Beeline абоненттері 2020 қысқа нөмірге SMS хабарлама арқылы және money.beeline.kz төлем сервисінің көмегімен теңгерімді толтыра алады.

Толық ақпаратты ресми сайтынан алуға болады, мұнда сіз сондай-ақ толықтыру мен сапарлар тарихын қарай аласыз.

6

Ережелерді бұзу фактісі бойынша қайда жүгінуге болады?

Егер де кондуктор немесе жүргізуші ережелерді бұзып, жол ақысын қолма-қол талап етсе, сіз аталған автобустың мемлекеттік нөмірін жазып алып, «Оңай» картасының қолданушыларына қызмет көрсету орталығына» +7 (727) 397 01 91 телефоны бойынша хабарласуыңызға болады. Сонымен қатар, егер де терминал істен шықса, сіз жол ақысын төлемеуге құқылысыз.

7

Сараланған тариф

В общественном транспорте Алматы қоғамдық көлігінде 1 тамыздан бастап сараланған тариф енгізілген. Енді қолма-қол төлеу кезінде жол жүру құны 150 теңгені құрайды. 80 теңге көлеміндегі жол жүру бағасы сақталады, егер жолаушы "Оңай" бірыңғай көліктік карточкасымен немесе SMS арқылы немесе банктік карта арқылы төлейтін болса.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.