• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жүргізуші куәлігін алмастыру

Жүргізуші куәлігін алмастыру келесідей жағдайларда жүзеге асырылады:

  1. тегін атын және әкесiнiң атын өзгерту;
  2. оның пайдалануға жарамсыз екені;
  3. қолданылу мерзімі өткен;
  4. иесінің қалауы бойынша.

Маңызды!

Жүргізуші куәлігінің мерзімі өткеннен кейін, жаңа куәлікті алу үшін айыппұлдарды өтеу тиіс (бар болған жағдайда).

Жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзіміне дейін ауыстырудың үш жолы бар:

  1. еgov.kz электрондық үкімет порталында;
  2. Жол полициясы басқармасының тіркеу-емтихан бөлімшесінде, Алматы қаласы; (Ақ-Қайнар, 1-үй, телефон: +7 (727)328-29-89);
  3. Алматы қаласында мамандандырылған ХҚКО-да. (Ак-Қайнар, 1-үй, телефон: +7 (727) 338-29-92, +7 (727) 222-00-20, +7 (727) 338-29-74).
1

Egov.kz сайты арқылы

Egov.kz порталында жүргізуші куәлігін ауыстыруға құжаттарды тапсыру үшін:

  1. электрондық цифрлік қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу;
  2. авторлану және өтініш беру. Өтінішке қоса:
  • сандық фотосурет және электрондық қолының суретін қосу;
  • мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе түбіртек (ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда).

Қызмет көрсету мерзімі: 2 сағат.

Аралық қызмет көрсету нәтижесі: электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама.

Қызмет көрсету нәтижесі: жүргізуші куәлігі, уақытша жүргізуші куәлігі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Ескерту: жүргізуші куәлігін беру барысында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында сізден қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін (құжаттар тізімі келесі карточкада көрсетілген).

2

ХҚКО-да жүргізуші куәлігін қалай алуға болады

Жүргізуші куәлігін ауыстыруға өтінішке қоса келесі құжаттарды тапсыру керек:

  1. жеке тұлғаны растайтын құжат;
  2. бұрын берілген жүргізуші куәлігі;
  3. аты-жөнін ауыстыруды растайтын құжат (ауыстырылған жағдайда);
  4. № 083/У формасындағы медициналық анықтама және оның көшірмесі (анықтаманы тіркеу бойынша емханадан немесе Мамандандырылған ХҚКО-нан алуға болады), «Наркология мен психотерапии орталығынан» алкогольдік, токсикологиялық және наркологиялық тәуелділігң жоқ туралы анықтама, және «Психиялық денсаулық орталығынан» анықтама (мамандандырылған ХҚКО-нан алуға болады) және де флюорография (тіркелу орны бойынша емханадан алуға болады);
  5. 1,25 АЕК мемлекеттік баж төлеуді растайтын чек (мамандандырылған ХҚКО-да немесе екінші деңгейлі банкіде төлеуге болады);
  6. Сыртқы істер министрлігінің дипломатиалық корпуспен жұмыс істеуге берілген жолдама (жетел азаматтары мен азаматтары жоқтарға).

Қызмет көрсету мерзімі: 2 сағат.

Қызмет көрсету нәтижесі: жүргізуші куәлігі, уақытша жүргізуші куәлігі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

3

Жол полициясы басқармасында жүргізуші куәлігін қалай алуға болады?

Жүргізуші куәлігін ауыстыруға өтінішке қоса келесі құжаттарды тапсыру керек:

  1. жеке тұлғаны растайтын құжат;
  2. бұрын берілген жүргізуші куәлігі;
  3. аты-жөнін ауыстыруды растайтын құжат (ауыстырылған жағдайда);
  4. № 083/у формасындағы медициналық анықтама және оның көшірмесі (анықтаманы тіркеу бойынша емханадан немесе Мамандандырылған ХҚКО-нан алуға болады) «Наркология мен психотерапии орталығынан» алкогольдік, токсикологиялық және наркологиялық тәуелділігң жоқ туралы анықтама, және «Психиялық денсаулық орталығынан» анықтама (мамандандырылған ХҚКО-нан алуға болады) және де флюорография (тіркелу орны бойынша емханадан алуға болады);
  5. 1,25 АЕК мемлекеттік баж төлеуді растайтын чек (мамандандырылған ХҚКО-да немесе екінші деңгейлі банкіде төлеуге болады);
  6. Сыртқы істер министрлігінің дипломатиалық корпуспен жұмыс істеуге берілген жолдама (жетел азаматтары мен азаматтары жоқтарға);
  7. мекен-жай анықтамасы;
  8. әскери билет немесе тіркелу куәлігі (әскери қызметкерлер үшін).

Қызмет көрсету мерзімі: 2 сағат.

Қызмет көрсету нәтижесі: жүргізуші куәлігі, уақытша жүргізуші куәлігі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жол полициясы басқармасының қызметкері барлық құжаттарды тексергеннен кейін сізге жүргізуші куәлігін алуға жолдама береді. Аталған жолдамамен және барлық құжаттармен бірге фотосуретке түсіп, жүргізуші куәлігін басып жығарылғанын күтуіңіз тиіс.

4

Қолданылу мерзімі аяқталмаған жағдайда

Қолданылу мерзімі аяқталмаған жүргізуші куәлігін алу үшін тіркеу-емтихан жол полициясы басқармасының бөлімшесінде, Алматы қаласы мамандандырылған ХҚКО-да немесе Алматы қаласында мынадай құжаттар қажет:

  1. басып шығарылған хабарлама;
  2. бұдан бұрын берілген жүргізуші куәлігі;
  3. жеке басын куәландыратын құжат;
  4. медициналық анықтама № 083/У формасы және оның көшірмесі.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: жүргізуші куәлігін, уақытша жүргізуші куәлігін алу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.