• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жүргізушіге қатысты шағымды қалай жіберуге болады?

Автобус уақытында келмей ұзақ күттіңіз бе? Жүргізуші аялдамада тоқтамай өте шықты ма? Сіз автобус жүргізушісінің - агрессивті жүру, темекі шегу немесе рульде отырып телефонмен сөйлесу сияқты теріс қылығына тап болдыңыз ба?

Бұған қалай тосқауыл қойып, қайда жүгінуге болатыны жөнінде осы мақаладан оқыңыз.

1

Қазір автобус қай жерде?

Біздің порталда, сондай ақ CityBus немесе ONAY мобильдік қосымшалары арқылы жолаушылар көлігінің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға және А нүктесінен Б нүктесіне дейінгі жүру бағытын көруге болады. Қосымшалардың бірін телефоныңызға жүктеп алып, сіз автобустың дәл қазір қайда келе жатқанын, тасымалдаушы компанияның атауын және оның байланыс телефондарын біле аласыз.

Жақын арада қоғамдық көлік қозғалысы кестесін аялдамаларда орнатылатын электронды таблодан бақылауға болады. Атап айтқанда, таблода қоғамдық көліктің жүру кестесі мен нақты режимде келу уақыты туралы ақпарат, бейнекамера және дабыл түймесі орналастырылады.

2

Шағым беру жолдары

1. Open Almaty-да тасымалдаушыға қатысты шағым беруге болады:

  • фронт-кеңсе арқылы: Байзақов көшесі,280 мекенжайы бойынша
  • Байланыс орталығы арқылы: 1308, 338-33-88 телефон нөмірлері бойынша
  • электрондық өтініш арқылы – мына жерде

2. Әр автобустың немесе троллейбустың салонында осы бағытқа қызмет көрсететін автопарктің телефон нөмірі мен мекенжайы көрсетілген ақпараттық парақ бар, яғни автопарк басшылығына тікелей жүгінуге болады. Егер шағым нақты бір жүргізушіге қатысты болса уақытын, күнін және қоғамдық көліктің мемлекеттік немесе борттық нөмірін көрсетуді ұмытпаңыз. Бағыттар тізімін және автопарктердің телефон нөмірлерін мына жерден, «Автопарктер мен маршруттар» батырмасын басу арқылы көруге болады.

3. Көлік холдингінің диспетчерлік басқармасы арқылы: 8 (727) 397-01-97, 8 (727) 397-01-91 телефон нөмірлері бойынша

4. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы: 8 (727) 271-65-47, 8 (727) 272-08-72 телефон нөмірлері бойынша

5. Алматы қаласы әкімдігінің сайтында – мына жерде.

3

Тасымалдаушы/жүргізуші қалай жазаланады?

Бұзушылықтар үшін қоғамдық көлік жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстары және Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын сақтау бойынша нұсқама жүргізіледі. Елеулі теріс қылықтар үшін сөгіс жарияланады, қайталанған жағдайда — жүргізуші жұмыстан уақытша шеттетіледі немесе онымен еңбек шарты бұзылуы мүмкін.

Егер өтініш жалпы бағытқа қатысты болса, онда тасымалдаушыға бағыттың белгіленген жұмыс режиміне және кесте бойынша автобустардың жоспарлы санына сәйкес тасымалды жүзеге асыру талабымен хабарлама жіберіледі. Айта кетерлігі, қалалық бюджеттен субсидияланатын бағыттардағы автобустар жүйелі жүрмейтін болса, пайыздар қысқартылады. Тек аталған бір себеп үшін соңғы жылы Алматыда 4 автопарк жабылды.

4

Бағыттардың жұмыс уақыты

Тасымалдау қағидаларына сәйкес қоғамдық көлік келесі тәртіпте жүруі тиіс:

  • қыс маусымында (1 қарашадан 1 сәуірге дейін) барлық қалалық жолаушылар маршруттарында қозғалыс жұмыс күндері - сағат 6:00-ден 23:30-ға дейін, демалыс күндері - 7:00-ден 23:00-ге дейін;
  • жаз маусымында (1 сәуірден 1 қарашаға дейін) барлық қалалық жолаушылар маршруттарында қозғалыс жұмыс күндері - сағат 5:30-дан 24:00-ге дейін, демалыс күндері - сағат 6:00-ден 23:30-ға дейін.

Сағат 21:00-ден кейін автобустардың қозғалыс интервалы ұлғаяды, әрбір бағытта кезекші автобустар қалып, олар ауысым соңына дейін жұмыс істейді.

Әрбір маршруттың жұмыс уақыты мен қозғалыс интервалын мына жерден көруге болады

0
Голосов пока нет

There is 1 Comment

Мен Ахметова Бакыт көп балалы анамын, менім қызым 31-ші автобуста дене шынықтыру сабағына арналған киіммі салынған сөмкесін ұмытып кеткен екен, сол сөмкені табылып калар деген үмітпен №2автобус паркіне жүгінген едім, паркте маған кол ұшын созып көмек көрсеткен Байгабатов Данияр Серікұлына алғысым шексіз, себебі оку жылының ортасында қайта ол киіммін тауып сатып алу маган өте киын болар еді. Данияр Серікұлына тағыда рақмет айтамын, осындай азаматтарымыз көбейе берсін.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.