• қаз
  • рус

В связи с изменением часового пояса в период с 29 февраля по 1 марта 2024 года возможны кратковременные перерывы в работе портала.

Приносим извинения за доставленные неудобства.

Ізденіс қызметін жүзеге асыруға лицензия алу

Ізденіс қызметі бұл ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу және қалпына келтіру кезінде ең тиімді шешімдерді әзірлеуге қажетті мәліметтерді алу үшін құрылыс аймағын техникалық және экономикалық зерттеулер кешені болып табылатын инженерлік ізденістер бойынша жұмыстарды жүзеге асыру

1

Лицензияны қалай алуға болады?

Тіркелген жеріңіз бойынша Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК-на жүгіну арқылы лицензия ала аласыз

Сіз келесі құжаттарды ұсынуыңыз керек:

  1. заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның белгіленген нысандағы өтініші;
  2. жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
  3. 10 АЕК (2017 жылы - 22 690 тг.) мөлшерінде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртетер; (банктің немесе «Қазпошта»АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде төлеуге болады).
  4. ізденіс қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер (ұсынатын орында толтырылады);

Шетел азаматы қосымша ұсынады:

5. шетел азаматтары үшін ізденіс қызметіне тиісті растамасы бар шет мемлекет лицензиясының немесе тиісті рұқсат құжатының көшірмесі (1 немесе 2 дәрежелі лицензия алу қажет болғанда);

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: лицензия беру, ізденіс қызметіне лицензияның телнұсқасын беру, немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы себептемелі жауап

2

Лицензияны онлайн қалай алуға болады?

Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі қызмет түрлерін электрондық лицензиялауға көшу жүзеге асырылды. Осыған байланысты Сіз лицензияны www.elicense.kz порталында онлайн ала аласыз.

Ол үшін Сізге қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлік қолтаңба) алу
  2. порталда тіркелу және авторизациядан өту
  3. заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның  өтінішін төмендегі құжаттардың тіркелген электрондық көшірмелерімен бірге беру:

а) 10 АЕК (2017 жылы - 22 690 тг.) мөлшерінде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмесі; (банктің немесе «Қазпошта»АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде немесе өтініш www.elicense.kz порталы бойынша берілген жағдайда «электрондық шлюз» арқылы төлеуге болады).

ә) ізденіс қызметін лицензиялау кезінде ұсынылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер.

Шетел азаматтары қосымша ұсынады:

б) шетел азаматтары үшін ізденіс қызметіне тиісті растамасы бар шет мемлекет лицензиясының немесе тиісті рұқсат құжатының көшірмесін электронды көшірме нысанында (1 немесе 2 дәрежелі лицензия алу қажет болғанда);

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: лицензия беру, ізденіс қызметіне лицензияның телнұсқасын беру, немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы себептемелі жауап

Обнаружили ошибку? Выделите слово или предложение и нажмите CTRL+ENTER
Орфографическая ошибка в тексте:
Чтобы сообщить об ошибке, нажмите кнопку "Отправить сообщение об ошибке". Также вы можете добавить свой комментарий.