Алматы қаласында үй жануарларын тегін стерилдеуге арналған клиникалардың мекенжайлары

Жарияланған күні мен уақыты: «21-04-2025 13: 26»

2025 жылғы 1 сәуірден бастап Алматы қаласында үй жануарларын тегін стерилдеу және кастрациялау бағдарламасы жалғасуда. Бағдарламаға ветеринариялық паспорты мен базаға есепке алуға арналған микрочипі бар жануарлар қатыса алады. Егер олар болмаса, ветеринариялық клиникалардан қосымша ақы төлеп алуға болады.

Иттер мен мысықтарды стерилдеу 7 айлықтан 9 жасқа дейін, кастрациялау — 6 айлықтан 9 жасқа дейін жүргізіледі.

Көрсетілетін қызмет есепке алу кітабына тіркеуді, алдын ала тексеруді, наркоз мөлшерін есептеуді, операция жасауды, қауіпсіз материалдарды пайдалануды, операциядан кейінгі бақылау және жануардың жағдайын стационарда кемінде 10 сағат бойы бақылауды қамтиды.Операциядан кейінгі 3 күн ішінде жануар иелеріне телефон арқылы жағдайына мониторинг жасау қызметі көрсетіледі, ал 10–12 күндері тігістердің жағдайы тексеріледі.

Иттер мен мысықтарды тегін стерилдеу және кастрациялау үшін ветеринариялық клиникалардың мекенжайлары:

  1. Медеу ауданы
    «Mastino» ветеринариялық клиникасы

    Мекенжайы: Есенберлин көшесі, 217
    Телефон: 8 (700) 327-44-89
    Жазылу WhatsApp арқылы жүргізіледі
  2. Алмалы ауданы
    «Mastino» ветеринариялық клиникасы

    Мекенжайы: Есенберлин көшесі, 217
    Телефон: 8 (700) 327-44-89
    Жазылу WhatsApp арқылы жүргізіледі
  3. Бостандық ауданы
    «Айболит» ҒӨВО

    Мекенжайы: Абай даңғылы, 26
    Телефон: 8 (708) 972 02 07
  4. Әуезов ауданы
    «Allvet» ветеринариялық клиникасы

    Мекенжайы: Төле би көшесі, 279Б
    Телефон: 8 (747) 438 38 87
    Жазылу WhatsApp арқылы жүргізіледі
  5. Алатау ауданы
    «VET ELITE» ветеринариялық клиникасы

    Мекенжайы: Кудерин көшесі, 6/2
    Телефон: 8 (708) 653 32 57, 8 (700) 776 62 50
    Жазылу WhatsApp арқылы жүргізіледі
  6. Жетісу ауданы
    «Барыс» ветеринариялық клиникасы

    Мекенжайы: Райымбек даңғылы, 223Б
    Телефон: 8 (707) 123 49 00
    Жазылу WhatsApp арқылы жүргізіледі
  7. Түрксіб ауданы
    «Dog Premium» ветеринариялық клиникасы

    Мекенжайы: Грибоедов көшесі, 105
    Телефон: 8 (727) 339 33 28
  8. Наурызбай ауданы
    «Банзай» ветеринариялық клиникасы

    Мекенжайы: Сейдімбек көшесі
    Телефон: 8 (707) 523 73 73

 

Дереккөз: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі