Шетел азаматтарына медициналық көмек
Денсаулық сақтау саласында шетелдіктер және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады.
Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктерге медициналық көмек Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдары белгілеген тәртіпте көрсетіледі.
Шетелдіктер үшін көрсетілетін тегін медициналық көмек көлемі
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 88 бабының 5 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар уәкілетті орган анықтаған тізбеге сәйкес қоршаған ортаға қауіп төндіретін асқынған аурулар болған жағдайда кепілдендірілген көлемде тегін медициналық көмек алуға құқығы бар,егер өзге Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттарда қарастырылмаса.
Мұндай ауруларға келесілер жатады:
- дифтерия;
- қызылша;
- қызамық;
- көкжөтел;
- жәншау;
- желшешек;
- эпидемиялық паротит;
- А, В, С қылаулары;
- полиомиелит;
- тұмаудың мөлшерден ауытқу нысандары;
- менингококтық жұқпа;
- тырысқақ;
- іш сүзегі;
- туберкулез (туберкулезді микробактериялардың бар болуына қақырықтың екі реттік конверсиясын алатын бактериялар бөлетін өкпе туберкулезі; туберкулездің аса үдемелі нысаны (менингит, милиарлы туберкулез) туберкулездің микробактерияларының бар болуына қақырықтың екі реттік конверсисяын алу және науқастың өміріне қауіп төндірмейтін жағдайға жету; жұлынның қызметін бұзатын асқынған омыртқа туберкулезі, медициналық көмегінсіз қозғалуға болатын жағдайға жету);
- күйдіргінің өкпелік нысаны;
- оба;
- геморрагиялық вирустік қызба;
- А, Е вирустік сары ауру;
- безгек.
ТМД қатысушы-мемлекеттерге медициналық қызметтер
2000 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасы үшін күшіне енген ТМД қатысушы-мемлекеттердің азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы келісіміне сәйкес ТМД қатысушы-мемлекеттердің азаматтарына ақысыз негізде жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетіледі.
«Жедел және шұғыл медициналық көмек» - өміріне және маңайындағылардың денсаулығына қауіп төндіретін емделушінің физикалық және психикалық денсаулығының бұзылуы кезінде көрсетілетін медициналық қызметтер жиынтығы.
ТМД қатысушы-мемлекеттің шетелдік азаматының науқастың өміріне немесе маңайындағылардың денсаулығына қауіп төндіретін, жазатайым оқиға, улану, жарақат алу, босану және жүктілік кезеңінде, күтпеген ауыр жағдайлар мен ауруларда шұғыл жағдайда азаматтарға кедергісіз тегін және толық көлемде Қазақстан Республикасының емдеу-алдын-алу мекемелері (бұдан әрі - ЕАМ) көмек көрсетеді.
Науқастың өміріне немесе маңайындағылардың денсаулығына төнетін қауіп жойылған соң кейінгі медициналық көмек көрсету азаматтардың, сақтандыру компанияларының, сондай-ақ қайырымдылық жарналар және кәсіпорын, ұйымдардың жәрдемдері есебінен ақылы негізде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасындағы ТМД қатысушы-мемлекеттердің шетел азаматтарына жоспарлы медициналық көмек көрсету келісім бағалары немесе қолданыстағы баға көрсеткіштері бойынша өзара есеп айырысу арқылы ақылы негізді жүзеге асырылады