Қазақстанға бару үшін виза

Егер сіз көптен бері асқар таулар мен шексіз даланы көруді, экзотикалық тағамдарды татып, нағыз шығыс қонақжайлығын сезуді қалаған болсаңыз, Қазақстанға қош келдіңіз! Визалық заңнаманы оңайлатумен байланысты 2017 жылдың қаңтарынан бастап шетелдіктер үшін біздің елімізге сапармен келу аса ыңғайлы болып түсті. Қазақстанға бару үшін сізге виза керектігін қалай білуге, оны қалай алуға болатынын осы мақалада ары қарай оқып танысуға болады.

Визасыз режим

Қазақстанға туристтер ағымын арттыру үшін 2017 жылдан бастап жеке мемлекеттермен визасыз режим енгізу туралы туралы шешім қабылданды. Одан басқа, Қазақстан Республикасымен азаматтарының визасыз кіру тәртібі туралы келісімдер жасалған елдер тізімі бар.

Бұл тізімге ТМД, Еуропа, Америка, Азия, Таяу Шығыс және Африка елдері кіреді. Дипломатиялық, қызметтік, ұлтттық төлқұжат ұстаушылары үшін Қазақстанда визасыз мекенделу күндерінің саны әртүрлі болуы мүмкін. Еуропадан келген туристтердің - жай ұлттық төлқұжат ұстаушылардың - көбі үшін мерзімі 30 күнге дейінгі визасыз режим енгізілген. Қазақстан Республикасының территориясына кіру үшін азаматтарының визаны алуға қажеті жоқ елдер тізімімен осында танысуға болады.


Визалардың түрлері мен категориялары

Егер сіз жоғарғы карточкада белгіленген сілтемеде жоқ елдің азаматы болып табылсаңыз, Қазақстанға кіру үшін сізге виза алуға қажет болады. Бұл үшін біздің елімізге келу мақсатыңызды анық ету қажет. Ол іс сапар, туристтік сапар болса, немесе сапарыңыздың мақсаты оқу болса, визаның категориясы, дүркінділігі мен жарамдылық мерзімі, берілуінің негіздемесі мен Қазақстан Республикасында мекенделу уақыты бұл жағдайларда әртүрлі болады. Мысал ретінде төменде визалардың біршама категориялары және оладың берілу негіздері ұсынылады.

Инвесторлық виза

Егер сіз заңды тұлғаның басқарушысы, басқарушының орынбасары, немесе құрылымды бөлімшелерінің басқарушысы болып инвесторлық әрекетті іске асырсаңыз, тиісті визаны (А5 категориясы) алу үшін Қазақстан Республикасының шетел мекемелеріне мен Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігіне қабылдаушы жақтың сіз және сіздің отбасы мүшелеріңіз үшін шақыруын көрсету қажет. Визалардың осы категориясы сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігімен шақырушы жақтың өтінішхаты негізінде, Қазақстан Республикасының инвестициялар бойынша өкілетті органының қолдаухаты бар жағдайында беріледі.

Іс сапары үшін виза

Келіссөздер өткізу, келісімшарттар жасау үшін келетін тұлғаларға немесе мен директорлар кеңесінің құрушы мен мүшелеріне В3 «Іс сапары үшін» категориясының визасы беріледі. Қазақстан Республикасының шетел мекемелеріне мен Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігіне келесі құжаттардың бірін беру қажет:

  • ҚР СІМ нұсқауы;
  • ауызша нота;
  • шақыру;
  • мемлекеттер тізімінде белгіленген елдер азаматтарының өтінішхаттары;
  • Қазақстан Республикасының шетел мекеме бастығының жазбаша нұсқауы;
  • ҚР ІІМ-мен осы визалар беріледі:
  • бір мәртелік - өтінішхат негізінде;
  • көп мәртелік - келісімшарттың бар кезінде өтінішхат негізінде.

Туристтік виза

Егер сіз Қазақстанға туризм мақсатымен барғыңыз келсе, визалар (В12 категориясы) ҚР СІК және шетел мекемелерімен келесі құжаттардың бірінің негізінде беріледі:

  • шақыру;
  • мемлекеттер тізімінде белгіленген елдер азаматтарының өтінішхаттары.

Виза категорияларының толық тізімімен, сондай-ақ оларды алу үшін қажетті құжаттармен осында танысып білуге болады.