Жер телімін алу

Жарияланған күні мен уақыты: «01-04-2024 17: 03»

Егер сіз Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман (тарихи отанына қайтып келген бұрыңғы отандас) болсаңыз, яғни,  жылжымайтын мүліктің болуына немесе болмауына қарамастан, сіздің жеке тұрғын үй құрылысына 0,10 га  жер алуға заң негізінде құқығыңыз бар.

Қазіргі уақытта Алматы қ. жеке тұрғын үй құрылысына арналған бос жерлер жоқ, алайда, облыс аймағында жер үлесін алу үшін Алматы облысының әкімдігіне жолығуға болады.


Жер телімін алуға өтініш беру

1. Жер телімін алуға өтінішті сіз egov.kz порталына бере аласыз.

 

1 САТЫ

Сізге төмендегілерді орындау қажет:

  1. белгіленген нысанда өтініш бересіз;
  2. өтінішке жер телімін орналастыру сызбасының электронды көшірмесін бекітесіз.

3 жұмыс күні ішінде сіз  жер телімін таңдаудың ақырғы актісін келісімдеп, жер-кадастрлық жұмыстарының қызметтері үшін төлейсіз.

Жер теліміне жер-кадастрлық жоспарын жасау үшін Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ бөлімінің есепшотына екінші деңгейлі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қолсых нысанда немесе Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-ң  төлемақы мөлшері мен күнін растайтын төлемақы құжаты (квитанциясы) берілетін кассаларында төлемақы төленеді.  

Өтініш берушімен келісілмеген таңдау актісінің қызмет мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Айтылған мерзім өткен соң Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ сізді алдын ала хабардар ете отырып, келісілмеген актті Алматы қ. Сәулет және қала құрылысы басқармасына жоюына қайтарады.  

Қызметтерді көрсету мерзімі: 28 жұмыс күні. 

Қызметтерді көрсетудің аралық нәтижесі: келісімдеуші органдар мен ұйымдардың жер телімін таңдау актісін дайындау.

 

2 САТЫ

Жер-кадастрлық жоспары мен жерді уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді), ақылы (ақысыз) пайдалану шартын сала отырып, жер теліміне жерді пайдалану құқығын ұсыну туралы шешімімен уақытша ақылы пайдалану (жалдау) құқығын рәсімдеу.

Сіз электронды сұранысқа төмендегілерді бекітуіңіз керек:

  1. жер телімін таңдаудың соңғы келісілген актісі;
  2. жер-кадастрлық жұмысы қызметтері үшін төлемақы құжаты.

«Жеке кабинетке» мәлімдеме алу кезінде сіз 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша жер пайдалану шартына қол қоюыңыз керек.  

Өтініш берушінің қол қойған уақытша жер пайдалану шартының 7 күндей уақыт заңды күші болады.  

Сіздің уақытша жер пайдалану шартыңыз мемлекеттік тіркеуден өткен және одан кейін Алматы қ. тіркеу орны бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-ң аудандық бөлімі арқылы Сізге берілуі тиіс.

Заңды тұлғаның жеке куәлігі, мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі) туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші мен мемлекеттік корпорация жұмыскері «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Қызмет көрсету мерзімдері: 22 жұмыс күні. Толық емес құжаттар жиынтығын ұсыну кезінде өтінішті қараудан бас тарту – 2 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің ақырғы нәтижесі: жер-кадастрлық жоспары мен жерді уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді), ақылы (ақысыз) пайдалану шартын сала отырып, жер теліміне жерді пайдалану құқығын ұсыну туралы шешім, немесе бас тартуы жөніндегі себепті жауап.

 

2. Алматы қ. тіркеу орны бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-ң аудандық бөлімі арқылы.

 

1 САТЫ

Ол үшін сіздер төмендегілерді ұсынуларыңыз керек:

  1. белгіленген нысандағы өтініш;
  2. жер телімін орналастыру сызбасы;
  3. тұлғаны куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).

3 жұмыс күні ішінде сіз  жер телімін таңдаудың ақырғы актісін келісімдеп, жер-кадастрлық жұмыстарының қызметтері үшін төлеу керек.  Жер теліміне жер-кадастрлық жоспарын жасау үшін Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ бөлімінің есепшотына екінші деңгейлі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қолсыз нысанда немесе Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ –ң  төлемақы мөлшері мен күнін растайтын төлемақы құжаты (квитанциясы) берілетін кассаларында төлемақы төленеді.  

Өтініш берушімен келісілмеген таңдау актісінің қызмет мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Айтылған мерзім өткен соң Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ сізді алдын ала хабардар ете отырып, келісілмеген актті Алматы қ. Сәулет және қала құрылысы басқармасына жоюына қайтарады.  

Қызмет көрсету мерзімі: 28 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің аралық нәтижесі: тиісті органдары мен ұйымдарының жағымды қорытындылары бар, жер телімін таңдау актісін дайындау.

 

2 САТЫ

Жер-кадастрлық жоспары  (1 қосымша) мен жерді уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді), ақылы (ақысыз) пайдалану шартын сала отырып, жер теліміне жерді пайдалану құқығын ұсыну туралы шешімімен уақытша ақылы пайдалану (жалдау) құқығын рәсімдеу.

Сіз электронды сұранысқа төмендегілерді бекітуіңіз керек:

  1. жер телімін таңдаудың соңғы келісілген актісі;
  2. жер-кадастрлық жұмысы қызметтері үшін төлемақы құжаты.

Жер теліміне жер-кадастрлық жоспарын жасау үшін Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ бөлімінің есепшотына екінші деңгейлі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қолсых нысанда немесе Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-ң  төлемақы мөлшері мен күнін растайтын төлемақы құжаты (квитанциясы) берілетін кассаларында төлемақы төленеді.  

Мәлімдеме алғаннан соң сіз 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша жер пайдалану шартына қол қоюыңыз керек. Өтініш берушінің қол қойған уақытша жер пайдалану шартының 7 күндей уақыт  заңды күші болады.  

Қызмет көрсету мерзімі: 22 жұмыс күні. Толық құжаттарды ұсынбаған жағдайда өтінішті қарастырудан бас тарту – 2 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің ақырғы нәтижесі: жер-кадастрлық жоспары мен жерді уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді), ақылы (ақысыз) пайдалану шартын сала отырып, жер теліміне жерді пайдалану құқығын ұсыну туралы шешім, немесе бас тартуы жөніндегі себепті жауап.


Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу

1. Egov.kz порталында (нотариуске бару кезінде):

1. нотариустың ЭСҚ-мен куәландырылған өтініш беру; 

2. сауалға төмендегілерді қосу керек:

  • жылжымайтын мүлік иесінің тұлғасын куәландыратын құжат;
  • нотариуста куәландырылған, тіркеу объектілерін растайтын құқық белгілеуші құжаттар (нотариус электронды сұранысқа қосады). Қандай құжаттардың құқық белгілеуші құжаттарға жататынын мұнда біле аласыз;  
  • жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек немесе жеңілдіктердің жеке санатын растайтын және жинақтарды төлеуден  босататын құжат (жеңілдіктер тұрып жатқан зейнеткерлерге және мемлекеттік тіркеу сәтінен кадрларды дайындаумен және оқытумен айналысатын кіші кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қолданылады).

3. сауалға келісімге интернет желісінде қатысушылардың электронды мекен-жайларын көрсетіңіз (болған жағдайда).

Ескерту: мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болатын, жеке тұлғаны куәландыратын, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі), Ұлы Отан соғысына қатысушы мен оларға теңестірілген тұлғалар туралы, Ұлты Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қайсар еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы КСРО-ң ордендерімен және медальдерімен марапатталған тұлғалар туралы, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кемінде алты ай жұмыс істеп (қызмет етіп) Ұлты Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қайсар еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы КСРО-ң ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған тұлғалар туралы, мүгедектер туралы, сонымен қатар, бала күнінен мүгедек болғандардың біреуінің ата-анасы туралы, жетім балалар мен он сегіз жасқа толғанға дейін ата-ананың қамқорлығынан айырылған балалар туралы, оралмандар туралы мәліметтерді – Мемлекеттік корпорация қызметкері мен нотариус «электронды үкімет» шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесі бойынша тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алады.

Қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күні ішінде. Жылдамдатылған тәртіппен – Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-на өтініш келген сәттен бастап келесі күні.  

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: тіркеу немесе тіркеуді тоқтата тұру туралы мәлімдемені жіберу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша себепті жауап.

2. Алматы қ. тіркеу орны бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-ң аудандық бөлімі арқылы.

Егер сіз жеке тұлға болсаңыз, сіз келесі құжаттарды ұсынуыңыз керек:

  1. белгіленген нысандағы жылжымайтын мүлік құқығын (мүлік ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш; 
  2. жеке тұлғаны куәландыратын құжат;
  3. жер телімінің сәйкестендіру құжаты. Қандай құжаттардың сәйкестендіру құжаттары болатынын мұнда біле аласыз;
  4. жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек немесе жеңілдіктердің жеке санатын растайтын және жинақтарды төлеуден  босататын құжат (жеңілдіктер тұрып жатқан зейнеткерлерге және мемлекеттік тіркеу сәтінен үш жыл шамасында кадрларды дайындаумен және оқытумен айналысатын кіші кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қолданылады).

Қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күні. Жылжымайтын мүлік құқығын жылдамдатылған тәртіппен мемлекеттік тіркеу кезінде – өтініш түскен сәттен келесі жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жылжымайтын мүлікке құқығын мемлекеттік тіркеу немесе тіркеуді тоқтата тұруы туралы белгісі бар құқық белгілеуші құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша себепті жауап.

Егер сіз заңды тұлға болсаңыз, сізге келесі құжаттарды ұсыну керек:

  1. белгіленген нысандағы жылжымайтын мүлік құқығын (құқық ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
  2. тіркеу объектісі растаушы, құқық белгілеуші құжат. Жер теліміне құқықты (ауыртпалықты) тіркеу кезінде жер теліміне сәйкестендіруші құжат беріледі. Қандай құжаттардың құқық белгілеуші құжат болатындығын мұнда біле аласыз;
  3. жылжымайтын мүлік шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) қайтару жағдайында құқықтарды (талаптарды) қайтару туралы шарт ұсынылады (активтер мен міндеттемелерін бірмезгілде беру туралы шарт);
  4. жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек немесе жеңілдіктердің жеке санатын растайтын және жинақтарды төлеуден  босататын құжат (жеңілдіктер тұрып жатқан зейнеткерлерге және мемлекеттік тіркеу сәтінен үш жыл шамасында кадрларды дайындаумен және оқытумен айналысатын кіші кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қолданылады); 
  5. құрылтай құжаттары;
  6. құрылтайшылардың (қатысушылардың, директорлар кеңесінің, акционерлер кеңесінің) жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу немесе меншіктен шығару жиналыстарының хаттамалары (олардың жазбалары);
  7. шет елдік заңды тұлғалар сауда реестрінің ресмилендірілген немесе шет елдік заңды тұлғаның шет елдік мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармаларымен нотариалды куәландырылған басқа ресмилендірілген құжатын ұсынады.

Маңызды!

  1. Тіркеу өтінішінде салып алынатын немесе сатылатын активтердің жалпы теңгерімдік құны Қазақстан Республикасының антимонополиялық заңнамасымен белгіленген мөлшерінен асқан жағдайда, антимонополиялық органның бастапқы жазбаша келісімін ұсыну қажет.
  2. Жылжымайтын мүлік мен басқа да мемлекеттік тіркеу объектілері құқығының пайда болуын, туындауын, өзгеруін және тоқтатылуын растайтын құжаттар екі көшірмеде ұсынылады, олардың біреуі түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі болады.
  3. Құқық белгілеуші құжат сот актісі болатын жағдайларда және құқық иеленушіге құжаттың түпнұсқасы берілмеген жағдайда, тіркеуге мұндай құжаттың екі куәландырылған көшірмелері ұсынылады.
  4. Неке шарты болған жағдайда, бұл шарт екі данада ұсынылады, олардың біреуі түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме болады.
  5. Құқық белгілеші құжатта мәліметтері жоқ басқа ерлі-зайыптының біреуінің құқығын тіркеу үшін, неке қию жасына (18 жас) жеткен өтініш беруші тіркеу өтінішінде неке қатынастарында тұру деректігінің жоқтығы туралы мәліметтерді немесе  неке қатынастарының болуын растайтын құжаттың көшірмесін сала отырып, өзінің жұбайы (жолдасы) туралы мәліметтерді көрсетуі тиіс.  

Қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күні. Жылжымайтын мүлік құқығын жылдамдатылған тәртіппен мемлекеттік тіркеу кезінде – өтініш түскен сәттен келесі жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жылжымайтын мүлікке құқығын мемлекеттік тіркеу немесе тіркеуді тоқтата тұруы туралы белгісі бар құқық белгілеуші құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша себепті жауап.


Тұрғын үйді пайдалануға беріп жер телімін жеке меншікке алу

Алты айдан соң жерді пайдалану актісін берген сәттен тұрғын үйді тапсыру керек, яғни, жеке тұрғын үйді пайдалануға беру туралы актке қол қою керек. Осы бөлімді сақтаған жағдайда ғана, жер телімін жеке меншікке беруге болады.

Егер жарты жыл уақыттың ішінде үй салынбаса, жер телімінің орналасқан орны бойынша әкімдікке жолығып, уақытша жалдау мерзімін жарты жылға созу керек.

Екі жыл шамасында үйді салып, пайдаланбаған жағдайда, мемлекет ҚР Жер кодексінің 93 бабы бойынша келтірілген зардапты өтеу талабымен жер телімін қайтарып алуға құқылы болады.