Алматының қандай саябақтарында шет тілдерінің тегін курстары ұйымдастырылған

Жарияланған күні мен уақыты: «31-07-2024 07: 39»

Алматыда ашық аспан астында қазақ және шет тілдерін оқыту бойынша тегін курс ұйымдастыруға бағытталған «Тілдер саябағы» қалалық әлеуметтік жобасы ашылды. Жоба қаланың жастар саясаты басқармасының, Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесінің және қала еріктілерінің фронт кеңсесінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

«Тілдер саябағы» лингвистикалық жобасы Алматы қаласының ірі саябақтарында ашық ауада оқытылады, мегаполистің барлық 8 ауданын қамтиды.

Қазір онда қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай және корей тілдерінен курстар бар. Сабақтар аптасына 3 рет өткізіледі, 6 жастан 60 жасқа дейінгі барлық ниет білдіруші қатыса алады. Жоба аяқталған соң қатысушыларға тілді меңгеру деңгейін растайтын сертификат беріледі.

Алдағы уақытта жобаны ұйымдастырушылар басқа да шет тілдерін қосуды жоспарлап отыр.

«Тілдер саябағы» қыркүйектің соңына дейін екі ай бойы жұмыс істейді. Жобаның ең белсенді қатысушылары үшін күзгі-қысқы уақытта ауданның комьюнити орталықтары базасында оқу жалғасады. Осылайша, жоба қала тұрғындарын жыл бойы оқытады.

Айта кетейік, жыл сайын Алматыда жастарға арналған 1000-нан астам тегін курс, экологиялық, мәдени және спорттық іс-шара өткізіледі. Бұл жобалардың барлығы жастарды қаланың қоғамдық өміріне тартуға, жеке дамуына және бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған.

«Тілдер саябағы» аясында сабақтар барлық ауданда бір мезгілде өткізіледі.

 

Курстарды өткізу кестесі

Аудан

Апта күндері

Уақыты

Мекенжай

дн

сс

ср

бс

жм

Алмалы

ағыл

қаз

қытай

корей

ағыл

қаз

түрік

корей

ағыл

қаз

16:00-20:00

Қарағайлы саябағы

Медеу

ағыл

қаз

ағыл

қаз

қытай

корей

ағыл

қаз

түрік

корей

16:00-20:00

Горький саябағы

Әуезов

ағыл

қаз

түрік

ағыл

қаз

қытай

ағыл

қаз

16:00-20:00

Сац атындағы театр

Жетысу

ағыл

қаз

түрік

корей

ағыл

қаз

ағыл

қаз

түрік

корей

16:00-20:00

Айнабұлақ 1 саябағы

Бостандық

ағыл

қаз

корей

орыс

ағыл

қаз

ағыл

қаз

түрік

орыс

16:00-20:00

Достық саябағы

Наурызбай

ағыл

қаз

ағыл

қаз

түрік

орыс

ағыл

қаз

корей

орыс

16:00-20:00

Әкімшілік жанындағы амфитеатр

Алатау

түрік

ағыл

түрік

орыс

ағыл

қаз

ағыл

қаз

ағыл

қаз

16:00-20:00

Атлетикалық ауылдағы көгал

Түрксіб

ағыл

қаз

ағыл

қаз

түрік

ағыл

ағыл

қаз

корей

ағыл

16:00-20:00

С.Сейфулин атындағы гүлзар

 

Толық ақпарат: +7 747 821 6478, Алматы еріктілерінің фронт кеңсесі

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі