Автоконструкторларды заңдастыру туралы
Жарияланған күні мен уақыты:
«01-04-2024 17: 21»
Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар ағымдағы жылдың 22 мамырынан бастап елімізге қосалқы бөлшектер түрімен әкелінген автокөліктерді тіркеу басталды.
Көліктерді заңдастыруға өтінімдерді екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады. Тіркелу үшін көлік иелері:
- өтініш;
- ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын тексеру актісін;
- техникалық байқаудың диагностикалық картасын ұсыну қажет.
Мұндай көлік құралдарын алғашқы тіркегені үшін алым мөлшері 200 мың теңгені құрайды. Конструктор көлікті заңдастыру 1 шілдеге дейін жалғасады
Аталған автокөліктер тек Қазақстан аумағында қолданылуы қажет және оны өзге тұлғаға тіркеуге рұқсат берілмейді.
Заңдастыруға қатысты қосымша ақпаратты call-орталықтың 8 (747) 733 10 20, 8 (727) 276 27 57 нөмірлері арқылы алуға болады.