Балаға төлқұжатты қалай алуға болады?

Жарияланған күні мен уақыты: «01-04-2024 15: 55»

Бала туылған сәтінен бастап үлкендермен қатар тең құқықтарға ие, оның ішінде жеке басын куәландыратын және ҚР азаматттығына жататынын куәландыратын құжаттарды алуға құқылы. ҚР төлқұжатын балаңызға рәсімдеуді сіз 3 жасқа толғасын, яғни баланың фотосуретінде айыруға болатын сәйкес белгілері қалыптасқан кезде.


Төлқұжат алу

Балаға төлқұжат алу үшін сіз Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК аудандық бөліміне өтініш білдіре аласыз және келесі құжаттарды ұсынуыңыз:

  1. баланың туу туралы куәләгә немесе жеке куәлігі;
  2. ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат;
  3. баланың жасына сай 2 фотосурет (3,5х4,5 см) - қызмет Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК көрсетіледі;
  4. баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын алуға шетелдіктің ата-анасының нотариалды куәландырылған келісім-өтініші (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда және ата-аналарының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, бала туылған сәтте олардың бірі ҚР азаматы және ата-аналарының сол уақытта Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрғылықты тұратын жері болған жағдайда);
  5. 4 АЕК көлемінде төлқұжатты әзірлегені үшін мемлекеттік баж төлемі туралы түбіртек (төлемді екінші дәрежелі банктің есеп айырысу-кассалық бөлімінде немесе «Қазпошта» АҚ жүргізуге болады).

Қызмет көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні. Алматы қ. үшін құжаттарды жеделдетіп дайындау қарастырылған 2 жұмыс күн. Жеке куәлікті жеделдетіп беру рәсімінің құнын «Азаматтарға арналған үкімет» МК бөлімінен немесе 1414 телефон нөмірі бойынша білуге болады.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: төлқұжатты беру.

Төлқұжаттың қолданылу мерзімі: 10 жыл.

Ескерту: егер бала өзгерген және оны төлқұжаттағы фотосуреті бойынша айыру мүмкін болмаған жағдайда, төлқұжат қолданылу мерзіміне қарамастан ауыстырылуы тиіс.