Балаға жеке куәлікті қалай алуға болады?
Жеке куәлік 16 жасқа толған ҚР азаматының міндетті түрде алатын құжаты болып табылады. Егер балаңыз 16 жасқа толған болса, өзі немесе ата-анасымен бірге немесе басқа да заңды өкілімен (қамқоршы, тәрбиешісі, патронаттық тәрбиешісі) аталған құжатты ала алады.
Жеке куәлікті алу
Жеке куәлікті сіз тіркелген жеріңіз бойынша Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК бөліміне жүгіну арқылы ала аласыз.
Талап етілетін құжаттар тізбесі:
- 0,2 АЕК көлемінде жеке куәлікті әзірлегені үшін мемлекеттік баж төлемі туралы түбіртек (екінші дәрежедегі банктің есеп айырысу –кассалық бөлімінде төлем жүргізе аласыз);
- баланың жасына сай келетін 2 фотосурет (3,5 х 4,5 см) - қызмет Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК көрсетіледі;
- баланың туу туралы куәлігі;
- ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат (баланың азаматтығын растау үшін);
- баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын алуға шетелдіктің ата-анасының нотариалды куәландырылған келісім-өтініші (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда және ата-аналарының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, бала туылған сәтте олардың бірі ҚР азаматы және ата-аналарының сол уақытта Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрғылықты тұратын жері болған жағдайда);
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (ҚР азаматының жеке куәлігін ауыстыру кезінде, ҚР азаматының төлқұжатының күші жойылған кезде немесе алғаш алған кезінде);
- ішкі істер органдары беретін белгіленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына өабылдау туралы анықтама (ҚР азаматтығына қабылдануына байланысты құжаттарды алған кезде);
- ҚР шетелдік мекемелерімен берілетін қайтып оралу туралы куәлік (уақытша шетелде жүрген ҚР азаматының төлқұжатынан айырылған кезде);
- ерікті нысандағы жазбаша өтініш (күші жойылған жеке куәлік пен төлқұжатты қайта қалпына келтіру мәселесі бойынша, ұлттық ауысу, бекітілген деректерді туу туралы актілік жазбаға өзгерістер енгізу).
Құжаттарды қабылдағаннан кейін қызмет алушыға күні көрсетілген тіркеу түбіртегі беріледі.
Дайын құжаттарды беру Мемлекеттік бірлестіктің қызметкерлерімен қызмет алушының сұраным тіркеу түбіртегі немесе оның заңды өкілдігінің құжаттарды ұсынуы негізінде немесе өкілеттікте қарастырылған әрекеттерді жүзеге асыруға ноатриалды куәландырылған сенімхат бойынша сыналған адам арқылы жүзеге асырылылады.
Қызмет көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні. Алматы қ. үшін құжаттарды жеделдетіп дайындау қарастырылған 2 жұмыс күн. Жеке куәлікті жеделдетіп беру рәсімінің құнын «Азаматтарға арналған үкімет» МК бөлімінен немесе 1414 телефон нөмірі бойынша білуге болады.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: жеке куәлікті беру.
ҚР азаматының жеке куәлігінің қолданылу мерзімі: 10 жыл.
Мемлекеттік баж төлемінен босатылған адамдар санаты
- Совет Одағының батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері.
- Үш дәрежедегі даңқ ордендерімен марапатталған және үш дәрежедегі Еңбек даңқымен мараппатлған адамдар, «Алтын Қыран», «Отан», «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына лайықты.
- «Батыр-ана» атағына лайықты, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» марпатталған көпбалалалы аналар.
- Ұлы Отан соғысына қатысқандар және соған теңестірілген адамдар, қайтпас еңбегі мен Ұлы Отан соғысы жылдары тылдамінсіз әскери қызмет атқарғаны үшін, бұрынғы КСРО ордендері және медальдарымен мараппатлған, 1941 жылдың 22 шілдесінен 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі аралықта алты айдан кем емес уақыт жұмыс істеген адамдар және еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін КСРО-ның ордендері және медальдарымен мараппатталғандар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедек баланың ата-анасының біреуі.
- Қарттарға арналған минициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар және жалпы түрге жататын мүгедектер,жетім балалар және толық мемлекеттің қарауындағы балалар, балалар үйінде және интернатта тұратындар.
- Чернобыль апаты салдарынан жапа шеккен азаматтар.