Жеке басын куәландыратын құжатты қалай алуға болады?

Жарияланған күні мен уақыты: «01-04-2024 16: 01»

Егер Простоквашино туралы мультфильмдегі Матроскин мысығына оның мұрттары,табаны мен құйрығы құжаттары ретінде қызмет атқарса, онда адамдарға жеке басын растау үшін жеке басын куәландыратын құжаттармен төлқұжат кажет. Олар жеке басын куәландыратын негізгі құжаттарға жатады. Оларды қалай алуға болатыны туралы осы бапта айтып өтеміз. ҚР азаматының жеке куәлігін 16 жастан бастап алуға құқығыңыз бар. ҚР азаматының төлқұжаты жасына қарамастантаңдауы бойынша беріледі және ҚР шегінен тыс жерлерде иенің жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Төлқұжат пен жеке куәліктің қолданылу мерзімі – 10 жыл. Төлқұжаттың қолданылу мерзімі уәкілетті органмен тағы 1 жылға ұзартылуы мүмкін.


Төлқұжат пен жеке куәлікті алғаш алу

Төлқұжат пен жеке куәлікті алғаш алу тіркелген жері бойынша Алматы қ. (ХҚО) «Азаматтарға арналған үкімет» МК бөлімімен жүзеге асырылады.

Ол үшін cіз келесі құжаттарды тапсыруыңыз қажет:

  1. 3,5 х 4,5 см көлеміндегі екі фотосурет;
  2. жеке куәлік немесе төлқұжат үшін мемлекттік баж төлемі туралы түбіртек квитанцию (банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімінде немесе «Қазпошта» АҚ бөлімінде төлеуге болады);
  3. туу туралы куәлік (16 жасқа толып жеке куәлік алған кезде, 16 жасқа дейін төлқұжатты алған кезде) және ата-анасының біреуінің жеке куәлігі (баланың азаматтығын растау үшін). Баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын алуға шетелдектің ата-анасының нотариалды куәландырылған келісім-өтініші (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда және ата-аналарының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, бала туылған сәтте олардың бірі ҚР азаматы және ата-аналарының сол уақытта Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрғылықты тұратын жері болған жағдайда);
  4. ҚР азаматының төлқұжаты (төлқұжатты ауыстырған жағдайда);
  5. ҚР азаматының жеке куәлігі (жеке куәлікті ауыстырған кезде, 16 жасқа толғанда алғаш төлқұжатты алу);
  6. Алматы қ. Көші-қон полициясы басқармасының аудандық бөлімімен берілген белгіленген нысандағы ҚР азаматтығына қабылдау туралы анықтама (ҚР азаматтығына қабылдауға байланысты құжаттарды алу кезінде).

Қызмет көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні. Алматы қ. үшін құжаттарды жеделдетіп дайындау қарастырылған 2 жұмыс күн. Жеке куәлікті жеделдетіп беру рәсімінің құнын «Азаматтарға арналған үкімет» МК бөлімінен немесе 1414 телефон нөмірі бойынша білуге болады.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: азаматтарға Қазақстан Республикасының төлқұжатын, жеке куәлігін беру.


Жеке басын куәландыратын құжаттың ескі нұсқасын жаңаға ауыстыру

Ескі нұсқадағы жеке басын куәландыратын құжатты жаңа нұсқадағы жеке басын куәландыратын құжатқа ауыстыруға өтінішті:

1. Еgov.kz электрондық үкімет порталында беруге болады.

Ол үшін сізге келесі қажет:

  1. ЭЦҚ алу;
  2. авторизациядан өтіп және өтініш беруіңіз қажет;
  3. өтінішпен бірге:
  • 3,5 x 4,5 см көлеміндегі цифлы фотосуретті;
  • 7 x 2 см пішіміндегі графикалық файл түрінде сканерленгеннұсқадағы жеке қолтаңбасы.

      4. Кез келген банктің төлем картасымен немесе банктегі жеке шотының деректерін енгізі арқылы жеке куәлік үшін 0,2 АЕК, төлқұжат үшін - 4 АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлеу.

Қызмет көрсету мерзімі: 15 жұмыс күнінен кешіктірмеу.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: дайын құжаттарды алу үшін тіркелген жері бойынша Алматы қ. (ХҚО) «Азаматтарға арналған үкімет» МК ХҚО бөлімінде келу қажеттілігі туралы хабарлама алу.

2. Тіркелген жері немесе нақты тұратын жері бойынша Алматы қ. (ХҚО) «Азаматтарға арналған үкімет» МК ХҚО аудандық бөлімінде.

Ол үшін сіз келесі құжаттарды тапсыруыңыз қажет:

  1. 3,5 х 4,5 см көлеміндегі екі фотосурет;
  2. жеке куәлік немесе төлқұжат үшін мемлекеттік баж төлемі туралы түбіртек (банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімінде немесе «Қазпошта» АҚ бөлімінде төлеуге болады);
  3. туу туралы куәлік (16 жасқа толып жеке куәлік алған кезде, 16 жасқа дейін төлқұжатты алған кезде) және ата-анасының біреуінің жеке куәлігі (баланың азаматтығын растау үшін). Баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын алуға шетелдіктің ата-анасының нотариалды куәландырылған келісім-өтініші (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда және ата-аналарының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, бала туылған сәтте олардың бірі ҚР азаматы және ата-аналарының сол уақытта Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрғылықты тұратын жері болған жағдайда);
  4. ҚР азаматының төлқұжаты (төлқұжатты ауыстырған жағдайда, ҚР азаматының жеке куәлігінің күші жойылған жағдайда);
  5. ҚР азаматының жеке куәлігі (жеке куәләкті ауыстырған жағдайда, 16 жасқа толғанда төлқұжатты алғаш алу);
  6. Алматы қ. Көші-қон полициясы басқармасының аудандық бөлімімен берілетін белгіленген нысандағы ҚР азаматтығын алу туралы анықтама (ҚР азаматтығына қабылдауға байланысты құжаттарды алу кезінде);
  7. шетелде ҚР Дипломатиялық Өкілдігімен берілетін қайта оралу туралы куәлік (уақытша шетелде болған ҚР азаматының төлқұжатынан айырылған кезде);
  8. ерікті нысандағы жазбаша өтініш (күші жойылған жеке куәлік пен төлқұжатты қайта қалпына келтіру мәселесі бойынша өтініш білдірген кезде, ұлттық ауысу, бекітілетін деректерді туу туралы актілік жазбаға өзгерістерімен енгізу).

Қызмет көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні. Алматы қ. үшін құжаттарды жеделдетіп дайындау қарастырылған 2 жұмыс күн. Жеке куәлікті жеделдетіп беру рәсімінің құнын «Азаматтарға арналған үкімет» МК бөлімінен немесе 1414 телефон нөмірі бойынша білуге болады.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: азаматтарға Қазақстан Республикасының төлқұжатын, жеке куәлігін беру.