Босануға қалай дайындалу керек?

Жарияланған күні мен уақыты: «01-03-2024 18: 32» Мақала авторы: Администратор Сайта

Жүктілік пен босануға дайындық кезінде сіз жүктіліктің 12 аптасына дейінгі мерзімде медициналық ұйымда есепке тұруыңыз қажет.


Egov.kz порталында қызметті қалай алуға болады?

Бұл үшін:

ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;

авторлану және өтініш беру қажет.

Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: қағаз түрінде (ерікті нысанда) немесе қызмет берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында бекіту туралы хабарлама (талон) немесе бас тарту туралы дәйекті жауап.


Тұрғылықты жер бойынша немесе таңдау бойынша емханада қызметті қалай алуға болады?

Бұл үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

ерікті нысандағы өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) немесе туу туралы куәлік.

Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: есепке қою.

Ескерту: жүкті әйел алғаш рет келген кезде оған алмастыру картасы беріледі (113|у нысаны), бұл карта бүкіл жүктілігі барысында қаралатын жері бойынша және басқа медициналық ұйымдарда көрсету үшін жүкті әйелдің қолында болады.


Жүктілігіне байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парағын қалай алуға болады?

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын акушер-гинеколог дәрігер, ал ол болмаса жүктіліктің 30 аптасынан бастап ұзақтығы күнтізбелік 126 күнге (босанғанға дейін күнтізбелік 70 күн және босанғаннан кейін күнтізбелік 56 күн) ДКК (дәрігерлік консультациялық комиссия) қорытындысынан кейін тіркелу орны бойынша емхана жанындағы Әйелдерге кеңес беру бөлімшесінің меңгерушісімен бірлесіп, дәрігер береді. Босану кезінде асқыну болса еңбекке уақытша жарамсыздық парағы қосымша күнтізбелік 14 күнге ұзартылады.