Бала тууды СМС арқылы тіркеу

Жарияланған күні мен уақыты: «01-04-2024 09: 16» Мақала авторы: Администратор Сайта

Сонымен, көптен күткен күн келіп, сіздің балаңыз дүниеге келді. Сіздің барлық құжаттарды рәсімдегіңіз келеді, бірақ балаға көп уақыт бөлу керек және "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ (ХҚКО) бару қажеттілігі сізді қиын жағдайға қояды.

Бұл жағдайда баланың тууын тіркеуге өтініш беруге, оны балабақша кезегіне қоюға және жәрдемақы ресімдеуге мүмкіндік беретін белсенді қызмет ыңғайлы болады.

Қызметті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелу қажет.

Мұны төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жасай аласыз:

ЭЦҚ қол қоя отырып, eGov.kz порталының Жеке кабинеті арқылы дербес (МАБ-та тіркелу бойынша нұсқаулық);

"Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ (ХҚКО) филиалдарының кез келген қызметкерлеріне жүгіну;

Перинаталдық орталықтар мен перзентхана жанындағы "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ өкілдеріне жүгіну;

Қызмет тегін, тек телефон нөмірінде оң теңгерім болуы керек.

Бала туғаннан кейін бір тәулік ішінде ақпараттық жүйе медициналық мекемеден хабарлама алып, сізге қызмет көрсету үшін қажетті ақпараттың қадамдық сұрауымен құттықтау СМС-ін жібереді.

Қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтер әр түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады, ал жеткіліксіз болса баланың анасынан толтырудың қысқаша мысалдарын қамтитын СМС-сауалдар арқылы сұралады. 

Мысал.

1. Құттықтауы бар СМС келіп түскен кезде сізге қызметті алу тілін таңдау керек. 

Мысал СМС:

Сәлеметсіз бе, <аты>! Нәрестелі болуыңызбен құттықтаймыз! Тууды тіркеу қызметі бойынша тілді таңдаңыз: 1 – ҚАЗАҚ тілін таңдау, 2 – выбор РУССКОГО языка

Здравствуйте, <имя>! Поздравляем с рождением ребенка! Укажите язык оказания услуги по регистрации рождения: 1 – ҚАЗАҚ тілін таңдау, 2 – выбор РУССКОГО языка

Жауап үлгісі

1

Бұл маңызды! Есте сақтаңыз, жауаптың соңғы символынан (цифрынан) кейін бос орын болмауы тиіс. Бос орын ретінде басқа таңбаларды, жол тасымалдарын немесе қос бос орындарды пайдалануға болмайды. Қателер ақпараттық жүйенің сұратуын өңдеуге кедергі келтіруі мүмкін. Бұл барлық СМС жауаптарын ресімдеуге қатысты. 

2. Белгілі бір уақыттан кейін сізге баланың тегін, атын және әкесінің атын (бар болса) сұраумен мынадай СМС-хабарлама келіп түседі.

Мысал СМС:

Туу туралы куәлікті алу үшін баланың аты-жөнін жазыңыз (қажет болған жағдайда қазақ әліпбиінің ерекше әріптерін ескеру қажет). Жіберетін СМС үлгісі: «Жөні Аты Әкесінің аты»

Жауап үлгісі

< Жөні Аты Әкесінің аты >

Бұл маңызды! Тегі, аты және әкесінің атының арасын бөлу нүктелі үтір ";" символы арқылы жүзеге асырылатынына назар аударыңыз, яғни бос орынсыз және басқа символдарсыз. Жауаптың соңғы символынан кейін бос орын болмауы керек.

3. Толық аты-жөнін жібергеннен кейін сізге баланың атын растау үшін СМС-сұраныс келеді

Мысал СМС:

Туу туралы куәлікті алу үшін баланың аты-жөнін жазыңыз (қажет болған жағдайда қазақ әліпбиінің ерекше әріптерін ескеру қажет). Жіберетін СМС үлгісі: «Жөні Аты Әкесінің аты»

Жауап үлгісі

< Жөні Аты Әкесінің аты >​

 

4. Аты-жөні жіберілгеннен кейін сізге білім деңгейіңіз, кіріс көзі және тіркеуші орган туралы мәліметтерді ұсыну бойынша СМС-сауалдар келіп түседі.

Мысал СМС:

Баланы тіркеу үшін АХАТ бөлімін растаңыз. Мүмкін бөлімдер: Алматы қ. №1 АХАЖ бөлімі – 1; Нұр-Сұлтан қ. АХАЖ бөлімі – 2 және т.б.. СМС-ті бөлім нөмірі мәтінмен жіберіңіз, «Жоқ» - егер тізімде жоқ болса

Жауап үлгісі

1

Мысал СМС:

Білім туралы ақпарат беріңіз. Жоғары – 1; Толық емес жоғары білім – 2, Орта арнаулы – 3, Орта жалпы – 4, Толық емес орта – 5, Бастауыш және одан төмен – 6. Ол үшін ұсынылған тізімге сәйкес цифрмен СМС жіберіңіз немесе ақпарат беруге келіссеңіз «жұбайының білімі (тіркелген неке бар болған жағдайда)». Жауап мысалы Иә - 1; Келіспесеңіз, біліміңіз туралы цифр жіберіңіз.

Жауап үлгісі

1

Мысал СМС:

Табыс көзі туралы мәлімет беру. Шәкіртақы – 1; Жұмыспен қамту – 2, Жұмыссыздық бойынша жәрдемақыдан басқа жәрдемақы – 3, Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы – 4, Зейнетақы – 5, Асыраудағы – 6, Мүліктік табыс – 7, Басқа көз – 8. Ол үшін ұсынылған тізімге сәйкес нөмірмен СМС жолдау қажет.

Жауап үлгісі

1

 

5. Осыдан кейін тіркеуге электрондық өтінім қалыптастырылады, ол таңдалған тіркеуші органға жіберіледі. Бұл туралы баланың тууын тіркеу жөніндегі өтінімнің мәртебесі бойынша қосымша ақпараттық хабарламамен хабарланатын болады.

Мысал СМС:

Баланың тууын тіркеу. Өтінімнің мәртебесі: Қабылданды

Баланың тууын тіркеу. Өтінімнің мәртебесі: Өтініш тіркелді

 

6. Тіркеуден кейін сізге туу туралы куәлікті алу орны көрсетілген және туу туралы медициналық анықтаманы алып, құжат алу үшін келу туралы өтінішпен СМС жіберіледі.

Мысал СМС:

Ахметов Арман Аскарович (ЖСН 181212351966) туу туралы куәлікті алу үшін Сізге 17.12.2021 Достық к-сі, 12, мекен-жайына келу керек. Өзіңізбен бірге баланың туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасын әкелу қажет.

 

7. Келесі қадамда сізге баланы балабақшаға кезекке қою үшін елді мекенді таңдауға сұрау, сондай-ақ кезекке қою кезңнде жеңілдіктерге құқықтардың бар-жоғы туралы сұрақ келеді.

Мысал СМС:

Балабақшаға жеңілдікті кезекке қою құқығы бар ма? «Иә» немесе «Жоқ» мәтіні бар СМС жіберіңіз

Жауап үлгісі

Жоқ

Мысал СМС:

Балабақшаға кезекке қою үшін елді мекен таңдаңыз. Ықтимал аймақтар: Нұр-Султан қ. – 1; Алматы қ. - 2. Таңдалған болса, нөмірмен SMS жіберіңіз, «Жоқ» - тізімде жоқ

Жауап үлгісі

1

 

8. Жоғарыда аталған жауаптарды жібергеннен кейін балабақшаға кезекке қою туралы өтінім әкімдікке жіберіледі, бұл туралы өтінімнің мәртебесі көрсетілген СМС-хабарламада хабарланады.

Мысал СМС:

Баланы балабақшаға кезекке қою. Өтінімнің мәртебесі: Қабылданды

 

Осымен СМС арқылы белсенді түрде қызмет көрсету рәсімі аяқталады.

Қате деректер енгізілген жағдайда сізге қайтадан жауап беру ұсынылады. Егер сіз қандай да бір тармақ бойынша жауап бермесеңіз немесе ол дұрыс емес болса, онда жүйе одан әрі қызметті алу үшін ХҚКО-ға бару қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Қызмет көрсету қанша тұрады?

Қызмет мүлдем тегін, телефон нөмірінде оң теңгерім болуы керек.

СМС-сұрауларға қаншалықты жылдам жауап беру керек?

Қатесіз жауаптарды жедел жіберуді ұсынамыз. Процесті екі күннен артық кезеңге созудың қажеті жоқ, себебі қызмет бала туған сәттен бастап 3 күн ішінде көрсетіледі.

Егер маған бірінші СМС келсе, бірақ мен қызметтерді белсенді тәсілімен алғым келмесе, не істеу қажет?

Құттықтау жазылған СМС автоматты түрде қалыптастырылады, егер сіз қызметті белсенді тәсілмен алғыңыз келмесе, келіп түскен хабарламаға жауап берудің қажеті жоқ.

Қызмет алу кезінде қандай да бір шектеулер бар ма?

Қызмет пайдаланушыға келесі жағдайда көрсетілуі мүмкін емес: егер онда туу жылы 2007 жылдан әрі балалары бар болса немесе 2008 жылға дейін некесі қиылса, ол туралы мәліметтер АХАЖ АЖ-да цифрланбаған.

Егер сіз мобильдік азаматтар базасында тіркелген болсаңыз, бірақ сізге алғашқы СМС келмесе не істеу керек?

Бұл жағдайда 1414 тегін нөміріне қоңырау шалып, бірыңғай байланыс орталығына хабарласуды және операторға өтінімді қалдыруды ұсынамыз, онда мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірін, ата-анасының ЖСН және баланың туған күнін көрсету қажет.

Ақпараттық жүйеден жауап СМС келмесе не істеу керек?

Жоғарыда жазылған талаптарға сәйкес соңғы жауаптың дұрыс жазылғанын тексеріңіз. Егер ол қате болса, дұрыс нұсқаны жіберіңіз. Егер дұрыс енгізілген мәліметтер болған жағдайда да жауап болмаса, 1414 тегін нөміріне қоңырау шалып, Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет және операторға ұялы азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірін, ата-анасының ЖСН және баланың туған күнін көрсете отырып, өтінімді қалдыру қажет.

 

Ақпарат көзі: https://egov.kz/cms/kk/articles/child/proactive-birth