22 қазанда қаланы абаттандыру жобалары бойынша онлайн дауыс беру басталды

2024 жылдың 22 қазаны мен 1 қарашасы аралығында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Алматы қаласын абаттандыру жобалары бойынша онлайн дауыс беру өтеді. Тұрақты тұруға ықтиярхаты бар қаланың әрбір ересек тұрғыны өздеріне ұнайтын жобаларды қолдау мүмкіндігіне ие.

Жарияланған күні мен уақыты: «22-10-2024 08: 38»

Дауыс беру budget.open-almaty.kz порталында жүзеге асырылады. Порталдың негізгі бетінде қатысушыларға үштен аспайтын жобалық ұсынысты таңдауға және электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе SMS-кодты пайдалана отырып дауыс беруді растауға мүмкіндік беретін «Дауыс беру» опциясы бар.

Мегаполис тұрғындарынан барлығы 6118 өтініш келіп түсті, олардың ішінде 1402 дауыс беруге рұқсат берілді. Ең көп дауыс жинаған жобаларды аудан әкімдіктері 2025 жылы іске асырады.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы туралы кеңесті немесе ақпаратты аудан әкімдіктерінен, сондай-ақ Алматы Open Almaty Қоғамдық қабылдау бөлмесінен 224 39 29 телефоны арқылы алуға болады (ішкі тел. 203).

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын қаржыландыру 2024 жылы 18,8 млрд теңгеге өскенін (2023 жылы – 12,9 млрд) еске салайық. Ағымдағы жылы аудан әкімдіктері 2023 жылғы жеңімпаз жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруда, бүгінде 261 жоба жүзеге асырылды.

Жаңалықтар