«Алматы» хоккей клубы PRO HOKEI LIGASY плей-офф кезеңіне өтті
«Алматы» хоккей клубы PRO HOKEI LIGASY-дің екінші тұрақты чемпионатында плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды. Бұл туралы Алматы қаласы спорт басқармасының өкілдері айтты.
Жарияланған күні мен уақыты:
«11-02-2026 10: 52»
Тұрақты чемпионаттың екінші туры аясында алматылық ұжым «Ақтөбе» хоккей клубына қарсы өз алаңында екі ойын өткізді. 29 және 30 қаңтар күндері өткен матчтарда «Алматы» командасы 2:0 және 4:1 есептерімен басым түсті.
Аталған кездесулер сериясының қорытындысы бойынша команда турнирдің шешуші кезеңіне өтуге мүмкіндік алды. Чемпионаттың ширек финалдық ойындары 23 ақпанда басталса, плей-оффтың финалдық кезеңі 6 сәуірге белгіленген.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтар