Алматы әкімі Ерболат Досаев: Әуезов ауданының инженерлік желілерін жаңғырту басым міндет
Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен есептік кездесуде инженерлік инфрақұрылымның даму қарқыны туралы айтып берді.
Сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы туралы айта келе, қала басшысы биыл тамыз айында ауданда 27 км сумен жабдықтау және 22 км су бұру желілерін салу бойынша ірі жобалардың бірі іске асырыла басталатынын айтты. Сонымен қатар, желілер 90-шы жылдары қалаға қосылған аумақтарда салынады. Бұл Дубок, Школьник және Мамыр шағын аудандарының жеке секторы, Жандосов – Саин – Шаляпин көшелерінің және Қарғалы өзенінің алаңында. Мұнда бүгінгі күнге дейін «шаруашылық әдіс» деп аталатын стандарттарға сәйкес салынбаған құбырлар қолданылады. 2025 жылдың соңына жоспарланған жоба аяқталғаннан кейін ауданның 12 мың тұрғыны сапалы үздіксіз сумен және су бұрумен қамтамасыз етіледі.
Бұған қоса, биыл шілде айында Мамыр-4 шағын ауданында 750-ге жуық тұрғыны бар 197 үйді қамтитын 4,5 км сумен жабдықтау және 9,5 км су бұру желілерінің құрылысы басталды. 2025 жылдың қыркүйек айында аяқталады.
Қазан айында Саин көшесінде Жұбанов көшесінен Төле би көшесіне дейін және Төле би көшесінде Саин көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейін 2,1 км су құбыры желілерін қайта жаңартуды аяқтау жоспарлануда.
Сондай-ақ, мегаполис басшысы тұрғындардың алдыңғы кездесулерде көтерген сумен қамтамасыз ету мәселелерінің шешілгені туралы хабарлады. Мәселен, бүгінде Төле би және Ұлықбек көшелерінде Саин көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі учаскеде 5 км су құбырын салу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, бұрынғы «Восход», «Садовод», «Ардагер» бау-бақша серіктестіктерінің 8 көшесінде 5,2 км сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы бітті. Осы айдың соңына дейін оларды жалпықалалық желілерге енгізу бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Осылайша, 117 жеке үйдің тұрғындары орталық сумен және кәрізбен қамтылады.
Айта кету керек, түзету енгізу кезінде 2017 жылы басталған Достық шағын ауданында су құбыры мен кәріз құрылысы уақытша тоқтатылды. Жобада су бұру бойынша 22 көше және сумен жабдықтау бойынша 3 көше қамтылмай қалған. Жұмыстар биыл тамыз айында Рабат, Виноградная және Дастан көшелерінде су құбыры желілерінің құрылысын, сондай-ақ желілер тартылған соң көшелердің бүкіл ені бойынша жол жабынын қалпына келтіріледі. Құрылысты аяқтау 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған. Орталық коммуникациялармен 759 жеке үй қамтылады, онда 3650 тұрғын тұрады.
Сонымен қатар, ауданда жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жалғасуда. 30 жыл бұрын салынған Саин, Шаляпин көшелері мен Алтынсарин даңғылы бойындағы 6,5 км жылу желілері қайта жаңғыртылуда. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады.
Алматы әкімі қала тұрғындарына сапалы коммуналдық қызмет көрсету мақсатында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту басым міндет екенін атап өтті.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі