Алматы әкімі Төле би көшесін ұзарту жұмыстарының барысы туралы айтты
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты
Сұрақ:
Біз «Ақсай-3б» шағын ауданының тұрғындары Төле би көшесінің жай-күйіне алаңдаймыз. Кей жерде арықтар топырақпен көмілген, аулаларға кіреберіс жердің жағдайы мәз емес, бұл жұмыстар қашан бітеді?
Әкімнің жауабы:
Қазіргі таңда Төле би көшесін Яссауи көшесінен Әшімов көшесіне дейін ұзарту жұмыстары жалғасып жатыр, бюджетте қаражат көзделген. Бірақ басты мәселе жер телімін сатып алу болды. 160 учаскенің 140-ы сатып алынды, 1-і сатып алынып жатыр, 7-і сот процедурасында, 12-сі қаралып жатыр. Жыл соңына дейін учаскелерді сатып алуды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазір қалалық мобилділік басқармасының басшысы мен аудан әкіміне аулаларға кіреберісті ретке келтіруді тапсырамын. Жалпы, жоба аясында тротуарлар мен арықтар жабдықталады.
Анықтама үшін:
Ұзартылатын жердің жалпы ұзындығы-2,2 км. Бүгінде жер төсемінің негізін салу, инженерлік коммуникацияларды қайта құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын келесі жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі