«Алматы Жазы» акциясы аясында жол инфрақұрылымы объектілері тәртіпке келтіріледі

«Алматы Жазы» акциясы жалпы республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізіліп, ағымдағы жылдың 6 шілдесіне дейін жалғасады.

Жарияланған күні мен уақыты: «04-07-2024 13: 35»

Тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында қала көшелерінде 624 аялдама кешені, 90 бағдаршам нысаны және 2 181 жол белгісі бағаны жуылды.

5000-нан астам арнайы техника жүріс бөліктері мен тротуарларды, сондай-ақ аула учаскелерін сыпыруға жұмылдырылған. Бүгінгі таңда 41 мың шаршы метрден астам жолдар мен тротуарлардың жүріс бөлігі, 200 км нөсер кәрізі тазартылды, қаланың 272 көшесінде шөп шабылды. Сондай-ақ 3 760 аула учаске сыпырылды, қоқыстан тазартылды.

Аялдама кешендері мен аула аумақтарын тазалаумен қатар, орындықтар мен көше урналары сияқты қалалық инфрақұрылымның ажырамас элементтерін жөндеу және сырлау жұмыстары жүргізілуде. Мердігерлік ұйымдар 7 049 орындық пен 11 351 көше урнасын жуды.

«Алматы Жазы» акциясы барысында ағымдағы жылдың 26 маусымы мен 6 шілдесі аралығында қалада 798 аялдама кешенін, 122 бағдаршам нысанын, 3 181 жол белгілерін шаңнан және ластанудан тазарту (жуу) жұмыстары жүргізілетін болады.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар