Алматыда №211 автобус бағыты күн сайын қатынайды
Қала тұрғындарының өтініші бойынша №211 бағыты «Спорт сарайы» - «Алма-Арасан» арасында күн сайын қатынайды. Бұрын маршрут тек демалыс күндері жүретін.
Жарияланған күні мен уақыты:
«25-06-2024 12: 52»
Таулы жерге бейімделген жүріс және тежеу жүйесі бар 2 бірлік Yutong маркалы автобус күнделікті қатынайды.
Маршрутта жолақысын қолма-қол ақшасыз төлеу 100 теңге, ал қолма-қол ақшамен төлесеңіз, 200 теңге. Бұрын жолақысы 300 теңге болатын.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі