Алматыда 40 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген құбыр реконструкцияланады
Алматыда 1980 жылдан бастап пайдалануға берілген құбыр реконструкциялануда.
Жарияланған күні мен уақыты:
«28-05-2024 07: 29»
Жолдың астынан өтетін жылу желілерін қайта жаңарту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2024 жылғы 28 мамыр мен 28 шілде аралығында Байқадамов көшесінен Журавлев көшесіне дейінгі ұзындығы 673 метр Шопен көшесінің учаскесінде автокөлік қозғалысы жабылады.
Жұмыстарды жүргізу кезеңінде осы аудан тұрғындары үшін ыстық сумен жабдықтау уақытша сызба бойынша сақталатын болады.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала анықтап алуды сұраймыз.
«Алматы жылу желілері» ЖШС
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
28 мамыр 2024