Алматыда абаттандырылмаған учаскелер жаңа қоғамдық кеңістіктерге айналады
Алматының Әуезов ауданында төрт жайлы қоғамдық кеңістік пайда болады. Бұл туралы Әуезов ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Жайлы демалыс аймағы Ақсай-4, Мамыр-3, 4, Жетісу-3 ықшамаудандары мен №7, 12 ықшамаудандарда құрылады. Құрылыс жұмысы осы жылдың тамыз айында басталады. Төрт жобаны жүзеге асыруға 4 млрд теңге бөлінді.
Ақсай-4 ықшамауданында Марғұлан мен Ұлықбек көшелерінің арасындағы жалпы ауданы 3,3 га болатын қолданыстағы сквер абаттандырылады. Бос аймақ адам көп шоғырланған ауданның ішінде әрі әлеуметтік нысандарға жақын орналасқан. Қазір бұл учаскеде демалыс орны, спорт пен ойын алаңдары жоқ. Сонымен қатар, жарықтандыру мен тротуарлар заманауи талапқа сай емес.
Жобада 14,3 мың шаршы метрге асфальт, 4,6 мың шаршы метрге тротуар төсеу арқылы жайлы демалыс аймағын құру көзделген. Сондай-ақ 16,2 мың шаршы метр аумақты көгалдандыру жоспарда бар. Серуендеу аймағының бойында төрт балалар ойын алаңы мен спорт алаңы құрылып, 45 шам, 50 орындық пен 46 урна орнату жоспарда бар. Құрғақ субұрқақ та орнатылады.
Мамыр-3, 4 ықшамаудандарында Шаляпин көшесі бойынша Момышұлы мен Саин көшелерінің арасындағы жалпы ауданы 3,6 га абаттандырылған жаяу жүргіншілер аймағы бар учаскеде күрделі жөндеу жұмысы жоспарланған. Қараусыз аймақ адам көп шоғырланған аймақтың ішінде, әлеуметтік нысандардың жанында орналасқан. Қарбалас уақытта көлік пен жаяу жүргіншілер жүктемесі жоғары.
Жоба аясында жалпы ауданы 13,2 мың шаршы метр асфальт жабыны, 6,5 мың шаршы метрге тротуар жабыны төселген жайлы серуендеу аймағы құрылады. Сондай-ақ 3 мың шаршы метр аумақты көгалдандыру жоспарда бар. Жаяу жүргіншілер аймағының периметрі бойынша 3 балалар ойын және спорт алаңы, 3 аспалы беседка, 137 шам, 46 орындық пен 32 урна қойылады.
Жетісу-3 ықшамауданында Абай даңғылынан Момышұлы көшесіне шығатын №61 үйге дейінгі учаске абаттандырылады. Бұл учаскеде қазір ұйымдастырылған жаяу жүргіншілер аймағы жоқ, сондай-ақ реттелмеген көлік ағындары байқалады. Учаскенің жалпы ауданы 2,1 га құрайды.
Жобада 10 демалыс аймағы, балалар мен спорт алаңы бар жаңа қоғамдық кеңістік құру көзделген.
№7 ықшамауданында Алтынсарин даңғылынан Янтарный көшесіне дейін және Абай даңғылынан №12 ықшамауданындағы №16 үйге дейін жалпы ауданы 5,1 га учаске абаттандырылады.
Бұл учаске сонымен қатар бос емес аудандардың ішінде орналасқан, онда демалуға және серуендеуге орын жоқ.
Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін тротуар кеңістігі кеңейтіледі. Бұл 8 балалар ойын алаңы мен 9 спорт алаңы бар 12 алаңды жабдықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 130 шам, 68 орындық пен 44 урна орнатылады. Жоба аясында 5,2 мың шаршы метрге асфальт төселіп, 6 мың шаршы метрге тротуар плиткалары салынады.
Жаңа демалыс аймағы іргелес тұрған үй алаптарының тұрғындарының демалып, жайлы серуендеуі үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етеді.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі