Алматыда «Алматы Жазы» акциясы аясында жұмыс істеп тұрған субұрқақтар маңын жинау мен тазалау жұмыстары басталды
«Алматы Жазы» акциясы «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының жалғасы саналады, ол осы жылдың 6 шілдесіне дейін жалғасады.
Алматыда 150 субұрқақ бар, оның 66-сы коммуналдық (60-ы штаттық режимде, 6-ы қайта жаңартылып жатыр) және 84-і жеке аумақта.
Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының бас маманы Әлинұр Бәкеновтың айтуынша, коммуналдық меншік иелігіндегі субұрқақтар 1 мамырдан 25 қазанға дейін күн сайын сағат 8:00-ден 23:00-ге дейін профилактикалық іс-шаралар (тазалау, жабдықтарды тексеру) кезінде өшіріліп, кестемен жұмыс істейді.
Субұрқақтарды ай сайын кестеге сәйкес жиналады. Жабдыққа ревизия жасалады, тостағандар арнайы құралдармен жуылады.
Кейде коммуналдық субұрқақтар апаттық-қалпына келтіру жұмысын жүргізу және ағымдағы жөндеу (кабельді ауыстыру, сорғылар мен қозғалтқыштарды ауыстыру немесе жөндеу, гидрооқшаулау, қаптаманы жөндеу) үшін өшіріледі.
«Алматы Жазы» акциясы аясында жеке субұрқақтар қалалық нысандармен қатар ретке келтіріледі.
«Алматы Жазы» акциясы жазғы кезеңде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының жалғасы. Бұл іс-шара қалалық инфрақұрылым мен қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауды қалыптастыруға, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге бағытталған.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі