Алматыда бұрын бос жатқан аумақтың орнына скейтборд тебуге арналған алаңы бар сквер ашылды

Алматының Жас Қанат шағынауданындағы сквер көркейтілді

Жарияланған күні мен уақыты: «10-11-2026 18: 02»

Түрксіб ауданындағы Жас Қанат шағынауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында қоғамдық аумақты көркейту жұмыстары аяқталды. Бұрын бос жатқан жердің орнына серуен жолдары, жасыл аймақтар мен скейтборд тебуге арналған алаң пайда болды. Бұл туралы Түрксіб ауданы әкімдігінің өкілдері хабарлады.

Жұмыс барысында 20 мың шаршы метрден астам аумақ көгалдандырылып, 6 мың шаршы метрге жуық жерге тротуар тақтасы төселді. Сонымен қатар асфальт жабындысы жаңартылып, резеңке төсемі бар алаңдар жасалды.

Скверге 53 жарық бағаны, сәндік жарық құрылымдары, орындықтар, қоқыс жәшіктері және шағын сәулет нысандары орнатылды. Сондай-ақ перголасы бар демалыс аймағы жасақталып, автоматты суару жүйесі орнатылды.

Жаңартылған аумақ шағынаудан тұрғындарының серуендеуіне, демалуына және спортпен шұғылдануына арналған.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтар