Алматыда денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 2,5 есеге артты

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында Алматыда әлеуметтік нысандардың инфрақұрылымын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.

Жарияланған күні мен уақыты: «05-11-2024 04: 14»

 

Мәселен, осы жылдың тамыз айында Қазақстанда алғаш рет балалар арасында (3 жасқа дейін) мүгедектікті төмендету үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл негізінде ерте араласу орталығы құрылды. 2 МСАК орталығы мен 1 емхана, сондай-ақ Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының жаңа корпусы ашылды. 

2024 жылдың соңына дейін 2 жаңа емхана салуға және 5 ірі аурухананы жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталады. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025-2026 жылдары жүргізілетін болады.  

Айта кетерлігі, 2024 жылы денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуды қаржыландыру 2,5 есеге 26,3 млрд теңгеге, 2025 жылы тағы 2,6 есеге 69,4 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

Жаңалықтар