Алматыда Ганди және Батыс Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы магистральдық құбырда жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі

4 мамыр сағат 22:00-ден 2024 жылғы 5 мамыр сағат 12:00-ге дейін М.Ганди мен Батыс Желтоқсан көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы жабылады.

Жарияланған күні мен уақыты: «06-05-2024 04: 31»

Уақытша шектеулер аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін 1992 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан магистральды құбыр желісіне жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Соңғы бес жылда өзінің нормативтік мерзімінде жұмыс істеген жылу желісінде 17 ақау тіркелген.

 

Жылу трассасын реконструкциялау ыстық сумен жабдықтау режиміне әсер етпейді.

 

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

 

«Алматы жылу желілері» ЖШС

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

06 мамыр 2024

Жаңалықтар