Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша аулаларды жаңғырту жалғасуда

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Алмалы ауданындағы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаңарған аулаға барды.

Жарияланған күні мен уақыты: «20-05-2024 11: 43»

Мәметова көшесі, 29/41 бойынша аула аумағын абаттандыру жобасын тұрғындардың өздері әзірледі, сондықтан аға және кіші ұрпақтың барлық пікірлері мен тілектері ескерілді. Қауіпсіздік, тұрақтылық, жайлылық сияқты критерийлерге ерекше назар аударылды. Жас санаттары бойынша аймақтарға бөле отырып, спорттық және балалар ойын алаңдарын жаңғырту жүргізілді, спорт алаңы жаңартылды және демалыс аймағы орындықтармен жабдықталды. Айтпақшы, бұл ауланы осындай кешенді жөндеу 58 жылда алғаш рет жүргізілді.

Атқарылған жұмыстармен танысқан Алматы әкімі Ерболат Досаев мердігерлерге кепілдік міндеттемелері аясында түзетілуі тиіс кемшіліктерді атап өтті. Мегаполис әкімі қала тұрғындарының қатысуымен жайлы қалалық ортаны құруға кешенді көзқарастың маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте, жасыл желектерді күту мақсатында мұндай жобаларда жасыл желектің сақталуын қамтамасыз ету үшін автосуару жүйелерін, воркаут-аймақтарды күн мен жауын-шашыннан қорғаған жөн. Жалпы, жаңарған аулалар тұрғындарға мүмкіндігінше ұзақ қызмет етуі тиіс.

Бұл жоба 2023 жылы берілген өтінімдер бойынша іске асырылды. Өткен жылы Алмалы ауданында аула аумақтарын абаттандыру және жөндеу бойынша ХҚБ аясында 34 жоба мақұлданды.

Ағымдағы жылы жалпы сомасы 2 млрд теңгеге 52 жобаны іске асыру жоспарлануда. Аулаларды жөндеу, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және көгалдандыру, сондай-ақ иттерді серуендетуге арналған алаң жасау жоспарлануда.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

20 мамыр 2024

Жаңалықтар