Алматыда оқу жылы басталғанға дейін 7650 орындық алты мектеп өз есігін айқара ашады

Алматыда оқушы орындарының тапшылығын кезең-кезеңімен төмендету үшін қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша жаңа білім беру нысандары мен жұмыс істеп тұрған мектептерге қосымша құрылыстар салынуда, жеке инвестициялар есебінен мектептер ашу жоспарлануда, деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.

Жарияланған күні мен уақыты: «16-07-2024 13: 17»

Орын тапшылығын төмендету мақсатында 2024 жылы жергілікті бюджет есебінен Саялы және Зерделі шағын аудандарында 1100 орындық екі мемлекеттік мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2 585 орындық 6 қосымша құрылыс бойынша жүргізілуде (аяқталу мерзімі 2024-2025 жылдар). Ағымдағы жылы 1675 орындық тағы 4 қосымша құрылыстың құрылысын бастау жоспарлануда.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында Алматы әкімдігінің жобалық офисінің қолдауымен 36,8 мың оқушы орнына (бір ауысымда) 22 мектеп салу жоспарланған.

2024 жылдың соңына дейін 32,8 мың орындық 20 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде оқу жылы басталғанға дейін бекітілген кестеге сәйкес 7 100 орындық 5 мектеп (№97, Розыбакиев-Левитан көшесіндегі мектеп, Ақбұлақ ш/а №154 мектеп, «Нұрлы Дала» ТК ауданында, Теректі ш/а) іске қосылады.

2025 жылы тағы 4 мың орындық екі мектеп ашылады деп күтілуде. Осылайша, келесі жылдың 1 қыркүйегіне қарай оқушы орындарының тапшылығы басқарылатын деңгейге дейін 3-4 мыңға төмендейді.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар