Алматыда Тастыбұлақ өзенінің жағалауы көріктендіріледі
Алматының Наурызбай ауданында Тастыбұлақ өзенінің Сәбденов көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі жағалауын көріктендіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Наурызбай ауданы әкімдігінің өкілдері хабарлады.
Жарияланған күні мен уақыты:
«28-07-2026 16: 07»
Жоба аясында өзеннің екі жағалауымен жалпы ұзындығы 1,4 шақырым болатын жүргіншілерге арналған серуендеу аймағы салынады.
Сондай-ақ, тұрғындардың серуендеп, демалуына қолайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыру көзделген. Аудан әкімдігінің мәліметінше, жоба қаладағы қоғамдық кеңістіктерді дамытуға және қалалық ортаның жайлылығын арттыруға бағытталған.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар