Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ

Алматы еліміздің жетекші туристік орталығының бірі ретінде позициясын нығайтып келеді. 2024 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша қалада 366 орналастыру орны жұмыс істеп, нөмірлік қоры 11,4 мың болды. Біржолғы қабылдау сыйымдылығы 22,3 мың орыннан асты, ал көрсетілген қызмет көлемі 27,6%-ға өсіп, 70,2 миллиард теңгеге жетті. Сонымен қатар, қонақ үйлер қызметінен түскен салық түсімі 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында екі есе өсіп, 9,8 миллиард теңгеге жетті.

Жарияланған күні мен уақыты: «30-12-2024 07: 17»

Биыл жеке инвестициялардың арқасында Алматыда 35 жаңа орналастыру орны ашылды, оның ішінде 20 қонақ үй, 4 глэмпинг, 8 хостел және 3 шағын қонақ үй бар. Жалпы 836 нөмір пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, қалада глэмпингтер мен хостелдер сияқты жаңа орналастыру форматтары пайда болды. Жаңа шешімдердің қатарында капсулалық қонақ үйлер бар, олар шағын әрі заманауи тұру жағдайын ұсынады. Сонымен бірге туристердің әртүрлі қажеттілігін ескеретін әртүрлі орналастыру форматтары да енгізілуде.

Қазіргі уақытта қонақ үйлерді салу бойынша 30 жаңа жоба бақылауда. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 336,3 миллиард теңге. Бұл жобалар аясында 4 415 нөмір салу жоспарланған:

  • 1 125 нөмірі бар 7 нысан құрылыс сатысында (68,3 млрд теңге);
  • 3 290 нөмірі бар 23 нысан жобалау сатысында (268 млрд теңге).

Инвесторлар қонақ үй салуға қызығушылық танытып, тұрғын үй емес, қонақ үй инфрақұрылымын дамытуға екпін беріп отыр. Бұл Алматының туристік әлеуетінің артуымен және қала қонақтарын жайлы орналастыру үшін нөмірлік қорды көбейту қажеттілігімен байланысты.

Барлық жобаны жүзеге асыру 2027 жылға жоспарланған. Бұл қаладағы нөмірлік қорды едәуір ұлғайтуға, туристік қызмет көрсету сапасы мен жайлылығын жақсартуға мүмкіндік береді. Инфрақұрылымның дамуының арқасында Алматы туристерді одан әрі тартып, халықаралық қонақжайлылық орталығы ретіндегі позициясын нығайта береді.

Жаңалықтар