Алматыдағы Сүйінбай даңғылының аумағында уақытша реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады

Сүйінбай көшесінің аумағына орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі. Бекмаханов көшесінен теміржол өткеліне дейінгі учаскеде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Жарияланған күні мен уақыты: «05-07-2024 11: 04»

5 шілде сағат 22.00-ден 7 шілде сағат 22.00-ге дейін жолдың батыс жағына, ал 8 шілде сағат 22.00-ден 10 шілде сағат 22.00-ге дейін шығыс жағына жөндеу жүргізіледі. Әр бағытқа бір жолақты жол ашылады.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталары» сервистерінде көрсетілген.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі