Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Лавренев көшесінің бір аумағы біраз уақытқа жабылады

Лавренев көшесінің аумаққа орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жарияланған күні мен уақыты: «22-07-2024 13: 51»

19 шілдеде сағат 22.00-ден 22 шілдеде сағат 10.00-ге дейін Бекмаханов-Майлин жолайырығынан теміржол өткеліне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Сүйінбай даңғылы мен Захаров көшесі арқылы айналып өтуге болады.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі