Қалалық мобилділік басқармасында Алматыдағы қоғамдық көліктің тартымдылығын қалай арттыру керектігі айтылды

Алматыда көлік саны тым көбейіп кетті. Бүгінде қала тұрғындарының шамамен 65%-ы жеке көлікпен жүреді. Салыстырсақ, Мәскеуде 30%, Парижде небәрі 11%. Екі жыл ішінде қалада тіркелген автокөлік саны 24% өсті, 2030 жылға қарай бұл өсім кемінде 40% болады.

Жарияланған күні мен уақыты: «06-06-2024 18: 34»

Ұзын-сонар көлік кептелісі мен соның салдарынан ауаның шамадан тыс ластану мәселесін шешу үшін қалалық мобилділік басқармасы 2030 жылға дейін көлік құрылымының шебер жоспары жобаны жүзеге асыруға кірісті.

 

Алматының 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасына сәйкес, мегаполис полицентристік, қауіпсіз, адамдар үшін «жасыл қала» болуға тиіс. Бұл ретте, қоғамдық көліктің (ҚК) қолжетімділігін арттыру және халықты 100% қолжетімді қоғамдық көлікпен қамтамасыз ететін инфрақұрылым құру маңызды рөл атқарады. Қоғамдық көліктегі сапар саны 64% артады, ал жеке автокөліктердің үлесі азаяды, соның нәтижесінде тұрғындар жолға қазіргіден қарағанда үш есе аз уақыт жұмсайды.

 

«Бұған жету үшін адамдар жеке көліктен қоғамдық көлікке ауысқысы келетіндей жағдай жасау керек. Әзірге, бұған біраз кедергі бар. Қалалық мобилділік басқармасының тапсырысымен жүргізілген сауалнама барысында алматылықтардың 42%-ы қоғамдық көліктің шамадан тыс жүктелуіне, 41%-ы ұзақ күтуге және сағат 22:00-ден кейін маршруттардың болмауына шағым түсірген. Респонденттер жүргізушілердің көлік жүргізуі мен мінез-құлқына қанағаттанбағанын, кестенің сақталмайтынын және ауысып мінуге тура келетін атаған. Бұл жағдайды шешу үшін әкімдік қаланың көлік құрылымының шебер жоспарын бекітті. 2030 жылға қарай қалада жалпы ұзындығы 296 км болатын қоғамдық көлікке арналған 42 жүрдек дәліз құрылады деп жоспарланған. Жүрдек автобустардың, троллейбустардың, жеңіл рельсті көліктердің және метро бекеттерінің жаңа бағыттары тұрғылықты аудандардың 75%-ын және жұмыс орындарының 81% -ын қамтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті басқарма басшысы Сағындық Телібаев.

 

Газбен жүретін автобустар мен электрлі автобустарды жолаушылар тасымалына шығару, жаңа аялдамалар салу және әсіресе, «қарбалас сәтте» жол жүру аралығын қысқарту көзделген.

 

Шебер жоспарға сәйкес, қалаға кіреберісте автотұрақтар пайда болады – бұл үшін батыс, солтүстік және шығыс бағытта үш жаңа көлік-трансплантациялау торабы салынады. Қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыру үшін қалада тұрғын үйлерден аялдамаларға дейінгі жаяу жүргіншілер мен веложолдар жабдықталады.

 

Алматының көлік құрылымының шебер жоспары енгізіліп жатыр: оның пилоттық алаңы Райымбек даңғылындағы аумақ болмақ, онда автобустарға арналған үздіксіз бөлінген жолақтар пайда болып, толыққанды жаяу жүргіншілер және вело инфрақұрылым құрылады. Ең проблемалы жерлерде камералар орнатылады. Соның нәтижесінде бүгінде үнемі кептеліс болатын даңғыл заманауи жүрдек магистральға айналуы керек.

 

Алматының көлік құрылымын салу нәтижесінде ауысып мінуге, аялдамаларға баруға, қоғамдық көлікті күту мен жолға кететін уақыт қысқаруға тиіс.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар