Алматы қаласы әкімін мақұлдау жөніндегі мәслихат отырысында Д.А. Сатыбалдының сөйлеген сөзінің тезистерін жолдаймыз

Құрметті Олжас Абай ұлы!
Құрметті Айбек Арқабайұлы!
Құрметті депутаттар!
Ең алдымен, Мемлекет басшысына берілген сенім үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер.
Алматы – бұл еліміздің ірі мегаполисі ғана емес, сонымен қатар мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру орталығы. Бұл бай тарихы бар, рухы ерекше және үлкен мүмкіндіктер қаласы.
Сонымен қатар, қаламызда бірқатар сын-қатерлер бар. Бұл, ең алдымен, экологиялық проблемалар, көлік жүктемесі, сапалы және тұрақты сумен жабдықтау мәселелері, инженерлік желілердің тозуы, тығыз құрылыс.
Біздің алдымызда қаланың одан әрі тұрақты дамуы және әрбір алматылықтың өмір сүру сапасына байланысты міндеттер тұр
Мені Алматы қаласының әкімі лауазымына тағайындаған жағдайда, менің жұмысым мынадай түйінді басымдықтарға негізделетін болады.
- Көлік жүйесін дамыту және экологияны жақсарту
Қоғамдықкөліктідамытуәкімдікқызметініңбасымбағыттарыныңбірі болып қала береді.
Күнделікті көлік кептелістерімен, жолдардың шамадан тыс жүктелуімен, атмосфералық ауаның ластануымен байланысты мәселелерді шешу үшін заманауи және экологиялық автобустарды сатып алу, автобус және троллейбус желілерін кеңейту, маршруттарды оңтайландыру және қозғалыс аралықтарын қысқарту қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ, метрополитен құрылысы қарқынды жүргізіліп, BRT желілері кеңейтіледі.
Алматы экологиялық тұрақты мегаполиске айналуы тиіс. Ол үшін сапалы көгалдандыру, қоғамдық кеңістіктерді дамыту, қоқыстарды бөлек жинау және кәдеге жарату, энергия тиімділігі және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі бастаманы қолдау, электромобильдер мен экологиялық таза технологияларға көшу үшін ынталандыруды енгізу қамтамасыз етіледі.
- Тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі
Жайлы қалалықорта базалық инфрақұрылымнанбасталады.Бізкоммуналдықжелілер – сумен қамту,жылуменжабдықтау, электрмен қамтамасыз ету желілерін жүйелі модернизациялаудыжүргіземіз.
Тұрғын үй қоры мен қоғамдық ғимараттардың сейсмикалық қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлетін боламыз.
Аудандарды абаттандыру, аулаларды, көше жарығын, тротуарларды, халықтың жүріп-тұруы қиын топтары үшін қолжетімді ортаны құру – мұның бәрі жәй ғана уәде емес, нақты мерзімдері мен нәтижелері бар жоспар болады.
- Экономиканың тұрақты дамуы және кәсіпкерлікті қолдау
Алматы – бастамашыл және тапқыр адамдардың қаласы. Біз шағын және орта бизнеске жаңа қаржы құралдары, жеңілдетілген әкімшілік рәсімдер және индустриялық аймақтарды дамыту арқылы қолдау көрсетеміз.
Қала IT-саланы, стартаптарды, креативті индустрияларды, туристік және білім беру қызметтерін дамыту алаңына айналады.
Бізпроблемалардыжеделшешуүшінбизнеспенжергіліктіатқарушыоргандардыңтиімдідиалог жүргізу жүйесінқұрамыз.
- Қолжетімді және сапалы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау
Сапалықызметтертұрғылықты жеріне қарамастан барлығына қолжетімдіболукерек.Бізбелсенді дамып келе жатқан аудандардажаңамектептерменбалабақшаларсаламыз, жұмыс істеп тұрған оқуорындарынжаңғыртып, цифрлықбілім беру технологияларын енгіземіз.
Денсаулық сақтау жүйесі емханалардыжаңарту, шалғайдағышағын аудандарда жаңамедициналықпункттерсалу, қызметтердіцифрландыружәне салалық мамандарғақолжетімділікарқылыкүшейтілетінболады.
Халықтың осал топтары – көпбалалы, қарт, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударылатын болады. Қала әрбір адамға көңіл бөлетін болады.
- Алматы жастар қаласы, еліміздің білім беру орталығы, креативті және тапқыр жастар тартылатын нүкте болып саналады.
Алматы – білім алуды, дамуды, жасампаздықты, елдіөзгертудіқалайтындарүшінтартылыснүктесі.
Жастарды, олардың бастамаларын қолдау, білім алу, бизнесті бастау, шығармашылық жобаларды іске асыру үшін инфрақұрылымды дамыту — менің жұмысымның негізгі басымдықтарының бірі болады.
БізАлматығабілім алу үшін келгенжасөзініңболашағыменқаланың келешегін құру үшіносындақалатынжағдайжасауғаміндеттіміз.
- Ашықтық, диалог және есеп беру
Басқарудағыменіңбастықағидаттарымныңбіріжергіліктіатқарушыоргандардыңашықтығыжәнетұрғындарментұрақтыдиалог жүргізу болады.
Қарқынды дамып келе жатқан мегаполисте тек кері байланыс, азаматтардың сенімі мен қолдауы арқылы тұрақты және әділ қалалық саясат құруға болады.
Сондықтан мен аудандарға — алдын ала дайындалған маршруттарға емес, аулаларға, мектептерге, базарлар мен көшелерге, яғни шынайы Алматыға үнемі шығып тұратын боламын.
Мен тұрғындармен тұрақты диалог жүргізу және қаланы дамыту үшін қабылданатын шешімдердің ашықтығы арқылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асырылуын қамтамасыз етуге міндеттенемін.
Құрметті депутаттар!
Әрбір алматылықтың мүддесі үшін өз міндеттерін жауапты және кәсіби орындауға кепілдік беремін. Тек күш-жігерді біріктіре отырып, біз Алматыны шынымен жайлы, жасыл, заманауи және қауіпсіз қалаға айналдыра алатынымызға сенімдімін.
Назарларыңызға рақмет!
Жаңалықтар

