Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен 2025 жылы 21 шілдеден бастап қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне Марат Орымбасарұлы Пашимов тағайындалды.

Жарияланған күні мен уақыты: «21-07-2025 17: 38»

Марат Пашимов 1981 жылы 4 қазанда дүниеге келген. Медицина ғылымдарының кандидаты.

 

Денсаулық сақтау саласында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді. Әр жылдары мейіргер, анестезиолог-дәрігер болып жұмыс істеген. Сондай-ақ, реанимация және телемедицина бөлімшесінің меңгерушісі, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар мен төтенше жағдайлар жөніндегі бас дәрігердің орынбасары қызметтерін атқарған. Қалалық емхананы, облыстық клиникалық аурухананы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарған.

 

2023 жылдан бастап Алматы қаласындағы «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар