Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Германия Бундесратының Президенті Анке Релингермен кездесті
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының Германия Федеративтік Республикасының Президенті, Саар федералды жерінің Премьер-Министрі Анке Релингермен кездесуінде экономика, денсаулық сақтау, экология, білім беру және мәдениет салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында сауда-экономикалық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Германия Алматының негізгі экономикалық серіктестерінің бірі: қалада Siemens, Volkswagen, Metro Cash & Carry, Bayer, Knauf сынды ірі компанияларды қосқанда, неміс капиталының қатысуымен 370-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді.
Кездесу аясында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық мәселелері де қаралды. Атап айтқанда, қазақстандық дәрігерлер үшін Германияның жетекші университеттік клиникаларда алмасу және тәжірибелік оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру, сондай-ақ Германияның оңалту медицинасы саласындағы тәжірибесін енгізу жайы қозғалды.
Бұған қоса, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселесі де назардан тыс қалмады. Тараптар Қазақстан-Неміс университетінің, Гёте институтының және «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қорының екі ел халықтары арасындағы байланысты нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Кездесу соңында тараптар әріптестік қарым-қатынасты нығайтып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласты.