Алматы жаңа жылды «Таза Қазақстан» акциясымен бастады
Алматыда жаңажылдық концерт аяқталғаннан кейін бірден «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды.
Жарияланған күні мен уақыты:
«01-01-2026 15: 20»
Коммуналдық қызметтер уақыт оздырмай аумақты тазалау жұмыстарына кірісіп, алаңдар мен көшелердегі қоқыстарды жедел жинап, қоғамдық кеңістіктерді ретке келтірді.
Игі бастамаға мерекелік концертке келген көрермендер де қолдау көрсетті. Көптеген қала тұрғындары іс-шара аяқталғаннан кейін тазалық пен тәртіпті сақтауға атсалысып, акцияға белсенді қатысты.
«Таза Қазақстан» бастамасы Алматының жаңа жылды тек мерекелік көңіл-күймен ғана емес, сонымен қатар қалалық ортаға деген жауапкершілікпен қарсы алатынын айқын көрсетеді.
Жаңалықтар