Алматыда 1984 жылы пайдалануға берілген құбырды ауыстыру үшін Байқадамов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
2024 жылдың 29 маусымы мен 15 қыркүйегі аралығында Алматы қаласы Бостандық ауданында Байқадамов көшесінің бойында - Гагарин даңғылынан бастап Жароков көшесіне дейінгі аралықта - көлік қозғалысы шектеледі.
Гагарин даңғылынан Жароков көшесіне қарайғы шығыс бағытта автокөлік қозғалысы жабылады.
1984 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан, жалпы ұзындығы 1220 метр құбырдың аталған көше бөлігінің көлік жолы бөлігінің астынан өтетін жаңғырту учаскелерінің бірінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіліп отыр.
Бұл құбыржол 97 көппәтерлі тұрғын үйді, 12 жеке тұрғын үйді, 4 балабақшаны, 2 денсаулық сақтау нысанын және 27 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі