Алматыда 2025 жылы жылумен және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарлануда

Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ - да өткен брифингте жылумен және электрмен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғырту туралы айтты.

Жарияланған күні мен уақыты: «20-12-2024 07: 35»

2024 жылы Алматыда 20 км жылумен жабдықтау желілері, 220 км астам электрмен жабдықтау желілері жаңғыртылып, 85 қазандық қайта жаңартылды, бұл жылыту тиімділігін едәуір арттырды.

Келесі жылы ауқымды міндеттер жоспарланған - 40 км жылумен жабдықтау желілерін және 240 км электрмен жабдықтау желілерін жаңғырту, сондай-ақ 21 қазандықты қайта жаңарту.

Қабылданып жатқан шаралар инфрақұрылымның тозуын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

2024-2025 жылдардың қорытындысы бойынша жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 3,8% — ға азайып, 54,1% -ды құраса, ал электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 1,7% - ға азайып, 63,3% - ға жетті.

Қала басшысы инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту әкімдік жұмысының басым бағыты болып табылатынын атап өтті. Қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасаудағы маңызды қадам инфрақұрылымды жаңартуға қаражатты тиімді бөлуді қамтамасыз ететін инвестициялық бағдарламаларды пайдалану болды.

Жаңалықтар