Алматыда 6-нан 7-ші қыркүйекке дейін Назарбаев даңғылының учаскелердің бірінде қозғалыс шектеледі

6-шы қыркүйек 22:00-ден 7-ші қыркүйек 09: 00-ге дейін Алматыда Назарбаев даңғылында Толе би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін екі бағытта да көлік қозғалысы шектеледі.

Жарияланған күні мен уақыты: «04-09-2025 18: 18»

Жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылу маусымына дайындау шеңберінде 1978 жылы пайдалануға берілген магистральдық құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Еске салайық, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @ AlmatyJoly Telegram-каналында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

«Алматы жылу желілері» ЖШС

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі