Алматыда Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күні қандай іс-шаралар өтеді

Алматыда ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай түрлі іс-шаралар, соның ішінде мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру, Әнұранды орындау, автошеру, тақырыптық көрмелер, мерекелік концерт және т. б. жоспарланған.

Жарияланған күні мен уақыты: «04-06-2024 05: 42»

Сағат 11:00-де «Медеу» биік таулы спорт кешенінің алаңында мемлекеттік Туды көтеру және Әнұранды орындау салтанатты рәсімі өтеді.

 

15:00-де Әлеуметтік қызметтер үйінде қоғам қайраткерлерінің, тарихшылардың, сарапшылардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің және жастардың қатысуымен «Көк тудың желбірегені» тақырыбында конференция өтеді.

 

16:00-де  «Алатау» дәстүрлі өнер театрында ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік концерт өтеді.

 

19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің «Менің елім» патриоттық концерті өтеді.

 

Қаланың барлық аудандарында мерекелік концерттер өтеді:

 

Әуезов ауданы:

 

Сағат  10:00-де – Әуезов ауданы әкімі аппаратының алдында (Алтынсарин  даңғ, 23) - ҚР мемлекеттік Әнұранды орындау және мемлекеттік Туды көтеру бойынша флешмоб.

 

10:00-де І ауысым, 15:00-ІІ ауысым «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубында «Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері және оның даму тарихы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

 

11:00-де – жалаушалармен безендірілген 12 машинамен автошеру. Автошеру бағыты им Н. Сац атындағы ТЮЗ-ден басталып, одан әрі  шеру Саин көшесімен Райымбек даңғылына дейін және кері қарай Саин көшесімен Жандосов көшесіне дейін жылжиды,

 

17:00-де – «Рәміздер-ел мәртебесі» фотокөрмесі (Мамыр-1, 29/7).

 

Жетісу ауданы:

 

12:00-де «Кемел» мәдениет үйінде «Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері – ұлттық мақтаныш» атты дөңгелек үстел өтеді.

 

Алатау ауданы:

 

09:00-де – Алатау ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда ҚР Әнұраны салтанатты түрде орындалады.

 

10:00 –  де ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған веложарыс Б.Момышұлы көшесі бойымен Б. Момышұлы мен Мөңке би көшелерінің қиылысынан «Алматы Арена» мұз айдынына дейін.

 

Алмалы ауданы:

 

В 11:00 – ҚР Әнұранын салтанатты түрде орындау.

 

Күні бойы – Арбатта ( Панфилов көшесі, 101,103 үйлерінің балконына) және «Алматы»  қонақүйіне ҚР Туы ілінеді.

 

Бостандық ауданы:

 

11:00-де «Атакент» аумағында «4 маусым – Рәміздер күні» мерекесіне орай Әнұран салтанатты  түрде орындалады.

 

14:00-де Ұлттық кітапханада «Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбынды, Туымен тұғырлы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

 

Наурызбай  ауданы:

 

10:00-де Амфитеатрда 100 сарбаз, 30 курсант, ардагерлер, балабақшалар мен «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының балалары, аудандық қызметтердің, басқармалардың және аудан әкімдігінің қызметкерлері Әнұранды орындайды. Сондай-ақ, Инновациялық шығармашылық орталығының 45 домбырашысы Балбырауын, Ерке сылқым күйлерін  домбырада тартады.

 

10:00-де Наурызбай ауданы әкімдігінің аумағында амфитеатрда «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбында көрме өтеді.

 

11:00-де Абай - Саин - Шаляпин - Әшімов - Жандосов - Карьерная  көшелерінің бойымен автошеру өтеді.

 

Түрксіб ауданы:

 

11:00-де №6 оқушылар үйінің алдында «4 маусым – Рәміздер күні» мерекесіне орай ҚР Әнұраны салтанатты түрде орындалады.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар