Алматыда БАӘ-нің ірі девелоперлерінің бірімен инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Azizi Group халықаралық компаниясының Басқарма төрағасы әрі негізін қалаушы Мирвайс Азизимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар құрылыс, өнеркәсіп, туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың болашағын талқылады.
Дархан Сатыбалды Алматының Қазақстандағы инвестициялық тартымдылығы жоғары шаһардың бірі болып қала беретінін атап өтті. Қала тұрақты экономикалық өсімді көрсетіп, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай ұсынып отыр.
«Біз қаланың инфрақұрылымын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға үлес қосатын жаңа жобаларды қарастыруға дайынбыз. Алматы инвесторларға ашық әрі тұрақты даму жолын ұсынады», – деді қала әкімі.
1989 жылы құрылған Azizi Group компаниясы бүгінде БАӘ жылжымайтын мүлік нарығындағы ірі девелоперлердің бірі болып саналады және Қазақстан аумағында қызмет аясын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Жаңалықтар
